Ел тағдыры – ел жаңалығы

                   Ел тағдыры – ел жаңалығы
Ел тағдыры – ел жаңалығы
                      «Арқалық хабары» газетіне 10 жыл
         24 маусым – Баспасөз, теледидар және радио күні

                                                                                       Медиа-тур

Бөлім алдын-ала дайындалады.
Стендт дайындалды. «Арқалық хабары» басылымының қызметкерлері, марапаттаулар, іс-шараларда түсірілген суреттерден «Ел тағдыры – ел жаңалығы» тақырыбында фото сурет көрме дайындалды (планшетке ілінді). Жеткен жетістіктер бөліміне алған алғыс хаттар, марапаттаулар және сувинер - сыйлықтар қойылды.


Жүргізуші: «Газет – халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» – деген дана сөз қалдырған, жерлесіміз, ұлы тұлға, ақын,  мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынов.  Тұңғыш «Алаш» партиясының үнқағазы болған «Қазақ» газетінің  бас редакторы – Ахмет Байтұрсыновты барша қазақ елі біледі.(Алаш қозғалысы 1905 жылы басталды)
Қайырлы күн құрметті қонақтар!
Бүгінгі  «Ел тағдыры – ел жаңалығы» медиа-тур кешімізге қош келіпсіздер!
   Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін қазақ елі  Мемлекеттік мерекелер мен қатар кәсіптік мерекелерді  атап өтуде!  Осы кәсіптік мерекенің бірі маусым айында – Баспасөз, теледидар және радио күнін мерекелеу дәстүрге айналған. Бүгін біз кітапханамызда бір-бірімен тығыз байланыстағы екі мерекені атап өтіп жатырмыз. Биыл қаламыздың барлық жаңалықтарын барша оқырманына  уақытында жариялап, жаңа жаңалықтармен сусындатып отыратын ақпаратты  «Арқалық хабары» баслымының  ашылғанына, халқына алаңсыз қызмет  етіп келе жатқанына – 10 жыл толып жатыр. Осы  басылымның бас редакторы, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» медалімен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, сан мәрте қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған – Арыстан Есмұхамбетұлы Айтмағанбетов бүгін кітапханамыздың қадірлі қонағы.
- Кітапханамыздың құрметті қонағы - Алғаш «Арқалық» газетінің шығуына ұйытқы, тілекші, тірекші болған,  сол кездегі қала әкімінің орынбасары;  қазір Торғай агра техникалық  колледжінің директоры – Арман Жағанұлы Шамшин ортамызда!
 Сонымен қатар ортамызда қала аймақ жаңалықтарымен уақытында сусындатып отыратын  қалалық, облыстық   мерзімді басылымдарымыздың  редакторлары, тілшілері, журналистер  қатысып отыр. «Арқалық хабары» басылымының қызметкерлері, «Торғай» басылымының бас редакторы – Қайрат Әлімұлы, облыстық «Қостанай таңы» басылымының меншікті тілшісі – Мұрат Жүнісұлы,   Қалалық «Арқа дидары» Теле арнасынан !
Баршаңызды келе жатқан мерекелеріңізбен кітапхана ұжымы атынан құттықтаймыз!
Жүргізуші: Қаламызда өз ой-түйгендерін, мақала, естелік, жыр-шумақтарын  осы басылым арқылы оқырмандарына жариялап  жүрген және осы басылымның тұрақты оқырмандары сыйлы ағаларымыз ортамызда. Ақын – Молдатай Жапарұлы, ұстаз, өнер саласына жақын жүретін, ақын  - Сейтқали Сабыржанұлы; ұстаз, термеші, ақын - Қуанышбай Қазымбекұлы,  Қаламыздағы «Жастар» қоғамының жетекшісі – Аманкелді Серікұлы және жастар,  Арқалық Мем.Пед. институтының студенттері, көпшілік қауым.
ән:  « Сүгірдің термесі»  орындайтын – Фархат Медетов
Жүргізуші:Баспасөз – мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы.  Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет  шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Мерзімді  баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі – газет.
Қазіргі  кезде Қазақстанда 1200-ден астам газет-журналдар, апталықтар жарық көреді.
Баспасөздің екінші түрі – мерзімсіз басылымдарға кітаптар, кітапшалар, плакаттар, күнтізбелер, ноталар, т.б. жатады.  Оның ең негізгі әрі көне түрі – кітап. Қазақстанда қазіргі кезде әр түрлі меншік нысанындағы 260-тан астам баспадан мыңдаған таралыммен кітаптар, буклеттер мен плакаттар, т.б. шығады. Республикадағы Баспасөз жүйесінің қызметі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдеде жарияланған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңымен реттеледі.
Торғай өңірінде алғаш басылым Торғай облысы болып тұрған кезде «Торғай таңы» және «Тургайский новь» басылымдары шығып тұрды. Облыс жабылып қалғаннан кейін Арқалық қаласы ары қарай өмір сүріп,.қала атынан «Торғай» басылымы жалғасын тапты.
       2004 жылдың 2 маусымында сол кездегі  қала әкімі – Жомарт Түбекбаевтың бастамасымен «Арқалық» газетінің шығуына қаулы шықты. Қаланың өз «Арқалық» басылымы бой көтерді. Басылымға жауапты тұлға – Арман Жағанұлы болатын.
Жүргізуші: Сөйтіп 2004 жылдың 6 тамызы күні тұңғыш  рет оқырмандарының қолына  «Арқалық хабарының»  бірінші нөмірі тиді.  Басылымның бас редакторы болып – Бекенова Разия Қашқынбайқызы тағайындалған еді. 2005 жылдың  қыркүйек айынан бастап басылымның бас редакторының орынбасар қызметінде жүрген Арыстан Есмұхамбетұлы «Арқалық хабары» басылымының тұтқасын алып, бүгінгі күнге дейін, басылымды басқарып келеді. Біз енді «Арқалық хабары» басылымының 10 жылдық  өмір-жолына  шолу жасап, «Арқалық хабары» жайлы қонақтарымыздан әңгімелер тыңдалық.
Мен сөз басын осы «Арқалық хабары» басылымының өмірге келуіне бастамашы болған, ортамызда отырған – Арман Жағанұлына бергім келеді. Газеттің бастамасы қалай болды.  «Арқалық хабары» деп неге аталды? Арман Жағанұлына сөз:
Жүргізуші: Құрметті Арыстан Есмұхамбетұлы!  Газет, журнал өз оқырманына ықпал жасаудың құралы, уақыт рухы мен заман лебіне ілестіруші міндетін атқара отырып, әр уақытта адамдардың оқырмандардың ішкі әлеміне, сезім дүниесіне де терең бойлауды мақсат тұтады. Өзіңіз басқарып отырған басылым жайлы айтып өтсеңіз. Алғашқы басылым шыққан кездегі еңбек жолдарыңыз жайлы, басылымның  таралымы жайлы айтып өтсеңіз!
Арыстан Айтмағанбетовке сөз:
Жүргізуші: Заман талабына сай, газет-журналдарда жаңа айдарлар, жаңа бөлімдер ашылып, өзекті де өткір материалдар жарияланып келеді. «Арқалық хабары» басылымының сол деңгейдегі жағдайы қалай?  Мысалы: «Шамшырақ», «Өркен», «Шапағат», «Парасат» сынды айдарлармен қосымша беттер шығып жатыр. Осылар жайлы  мағлұмат беріп өтсеңіз.
Қонаққа сөз:
Жүргізуші: Өз ұжымыңыздағы қызметкерлерге,  Жастардың еңбектеріне тоқталсаңыз...
Қонаққа сөз:
Жүргізуші: Басылымның негізгі көтеретін тақырыптары еліміздің, қаламыздың саяси, әлеуметтік, эканомикалық тіршілігі, мәдениет пен өнер жетістіктері, халыққа білім беру, денсаулық сақтау мәселелері  болып отыр. Бұл бағытта қандай іс-шаралар жасалуда? Бұл тақрыптарда материалдарды тілшілеріңіз жинақтайды ма?
Қонаққа сөз:
Жүргізуші: Басылымға жазылу жағдайы қалай - Оқырман саны – 10 жылдан бері айырмашылық бар ма, ол кездегі және  қазіргі жағдай жайлы айтып өтсеңіз...
Қонаққа сөз:
ән: « Өмір – дәурен » орындайтын Шынболат Жүзбаев
Жүргізуші: Арыстан Есмұханбетұлы Басылым Арқалық қаласынан тыс қандай аймақтарға таралады..
Қонаққа сөз:
Жүргізуші: Негізгі оқырмандарға  қай жастағылар кіреді ( көп оқиды)
ХХІ ғасыр жастарының басылымға деген көз қарасы қалай, сіздің ойыңызша
Қазіргі техниканың дамыған, компюьтердің  басты орында болып тұрған заманында ақпаратты басылымдар жағдайы жайлы не айтар едіңіз?  «Арқалық хабары», және «Торғай» басылымдары бірігіп  Интернетте  электрондық  вебсайт ашыпсыздар. Осы жаңалықтарыңыз жайлы айтып өтсеңіздер?Қонаққа сөз:
Жүргізуші: «...шешен сөз ауызша айтылады, көсем сөз жазумен айтылады. Көсем сөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін болғандықтан да көсем сөз деп аталады... Көсем сөз күндегі мәселе жайын  сөйлейтін сөз болған соң, кезіндегі шығып тұрған газет-журнал жүзінде шығады!» - деген тағы да  Ахмет Байтұрсынов.
10 жыл бойы еткен еңбектеріңіздің, жеткен жетістіктеріңіз жайлы  айтып өтсеңіз
Қонаққа сөз:
Жүргізуші:«Тіл тазалығы дейтініміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен  шұбарламау» - деген екен кезінде Ахмет Байтұрсынов
Басылымның орыс тілінде таратылымы қалай?
Қонаққа сөз:
Жүргізуші: Рұқсат болса,  Өзіңізбен жақынырақ танысалық, жеке өміріңізге тоқталып өтсеңіз: туған жеріңіз, жастық өміріңіз қай жерде өтті, жас кезіңіздегі қай саланың маманы боламын деп армандап  едіңіз ...
Қонаққа сөз:
әнге кезек берелік: «Беу дүние-ай» термесі,  орын:  Шынболат Жүзбаев
Жүргізуші: ортамызда осы басылымның өмірімен бірге қайнасып келе жатқан қонақтар отыр. Осы құрметті ағаларымыздың айтар тілек-сөздерін тыңдалық.
Қонақтар:
Ақын - Молдатай Жапарұлы - өлең
Термеші - Қуанышбай  Қазымбекұлы – «Қарға» термесі орындалды.
Ақын, ұстаз - Сейтқали Сабыржанұлы – арнау-өлең оқыды.
«Жастар қоғамы» Аманкелді Серікұлы
Жүргізуші: Арыстан Есмұхамбетұлы! Жастарға айтар  ақыл-тілегіңіз
Қортынды: А.Ж.Нұрманова
ән: «Жаса, Қазақ» орын.- Фархат Медетов
Жүргізуші:  «Ел тағдыры – ел жаңалығы» атты  кешіміздің соңын Алаш қозғалысының қайраткері, жазушы, ақын, журналист -  Міржақып Дулатов: «Қай елдің Баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы да зор» - деген дана сөзімен аяқтағым келеді. Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі өткізіліп жатқан «Ел тағдыры – ел жаңалығы» медиа-тур кешіміздің құрметті қонағы – «Арқалық хабары» газетінің редакциясы  және қызметкерлері жыл сайын  өтетін  Қостанай облысының байқауларына қатысып, Облыстық байқаулардың үш мәрте жүлдегері атанған. «Қазақстан Алюминийі» Акционерлік Қоғамы филиалы Торғай боксит кен басқармасының тарихы хақында «Торғайдың кенді жүрегі» атты кітаптың авторы екенін, сондай-ақ «Ауылым – алтын бесігім» атты ауқымды жобаның қатысушысы, орыс тіліндегі мәтінінің авторы екенін мақтанышпен жастарға айтып өткім келеді.
Жаңалықсыз өмір  бір орнында тұрып қалғандай... Өмір – теңіз деген, Буырқанған өмір қозғалысында  өмір ағымынан қалыспай еңбек ете берелік! Сіздерге айтар тілек қаламдарыңыз ұштала берсін, бастарыңыздың амандығын, еліміздің тыныштығын тілейміз! Аман-сау болайық!
(сый-сыйапат, суретке түсу)






Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска