Спортпен танылған тұлға

                               Спортпен танылған тұлға
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, үкіметтің «Саламатты Қазақстан – 2030» бағдарламасымен таныстыру және тамсыз айының үшінші жексенбісі – спорт күні деп аталып өтілуіне байланысты, өлкенің спортшыларының еңбектерін насихаттау мақсатында өнер бөлімінде «Спортпен танылған тұлға» атты имидж-коктейль өтті. Кеш қонақтары: қаладағы «Қайрат» спорт кешенінің тәлімгері, бокстан бірінші санатты оқытушы-жаттықтырушы Сейтмағамбетов Марат Қабдығалиұлы бір топ шәкірттерімен. Олар: №1 орта мектептің 11а сынып оқушылары Серікова Жанна, Әбілтаев Әли, және мектеп-гимазияның 10 сынып оқушысы Сәңгіл Қанат. Және кешке қаламыздың тұрғыны, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, ақын, спортшы, ардагер ұстаз – Оташев Сейтқали Сабыржанұлы шақырылды. Іс-шараға қаладағы Торғай гуманитарлық колледжінің  дене шынықтыру бөлімінің бірінші курс студенттері ат салысты. Кеш барысында бокс спортының тарихы, ережелері, еліміздің әйгілі спортшылары туралы сөз болды. Сосын өзіміздің Арқалықтың спортшылары, жергілікті тренерлер, спорт жанашырлары  туралы айтылды. Әрі қарай кешіміз диалог түрінде қонақтарымызға сұрақ берумен жалғасты. Қаланың атын республикалық деңгейде шығарып жүрген жас спортшылардың өмірі, еңбектері, спорттағы алғашқы талпыныстары мен жеткен жетістіктері туралы айтылды. Тренердің айтуынша, бұл балалардың үшеуі де, спорт шеберіне үміткер,Қазақстан Республикасының бокстан  жасөспірімдер құрама командасының мүшелері. Соңғы нәтижелерге келсек, Жанна осы қыркүйек айының ортасында ғана Өзбекстан Республикасының Бұхара қаласында өткен әлемдік додада екінші орынға ие болыпты.
       Кеш барысында сөз Сейтқали Сабыржанұлына  беріліп, ол кісінің жалпы спортқа деген көзқарасы, қала спортының хәл-жағдайы, жастарға айтар тілек-лебіздері тыңдалды. Іс-шара жастарға Сейтқали Сабыржанұлының өзі шығарған батасымен аяқталды.

      


                                           Өнер бөлімі. №2 ОӘҒК. 2015.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска