ҚАРЛАГ» альбом кітабында

ҚАРЛАГ» альбом кітабында



Қазақстанда 31 мамырда Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылғы 
Бекітілген Саяси  куғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып келе жатқанына 17 жыл болды.
Алаш тарихының ашылмаған ақтаңдақ беттері жетерлік. Қазақтың
басына қара бұлт үйірген қызылдардың қырғынын қырандай қырылған Алаштың арыстан ұлдарының жаназасын шығарып, сүйегін арулап жерлеп, бір уыс топырақ салып, төбеде жатар төмпешігін көре алмау – ұлт
жүрегіндегі жазылмас бір  жара.  Аспанында  азаттықтың күні ойнаған бүгінгі ұрпақ Алашты тынбай зерттеу үстінде. Сол еңбектің көрнісі – соңғы жылдары  2012 жылы, Қарағанды қаласынан, Қарағанды «Болашақ» университеті басшылық етумен және   Заң ғылымдарының докторы, профессор Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлының басшылығымен шыққан «ҚАРЛАГ» альбом кітабында Қазақстан және Ресей мұрағаттары мен мұражайларынан  жиналған Қарлаг тарихына қатысты суреттер мен құжаттар енді.   Карлагтың құрылуы мен таратылуы аралығындағы кезең (1931-1959) оқиғаларын бейнелейтін материалдар тақырыптық жағынан топтастырылды,  Сонымен бірге тоталитарлық жүйеде жазықсыз жапа шеккен бірқатар тұлғалар жайлы ғұмырнамалық анықтамалар берілген.
Кітап қазақ, орыс , ағылшын тілінде жазылған. Осы кітапты таныстыру мақсатында оқырмандар арасында кітап бенефиссін өткіздік.
Лагерьдегі өмірнен 
АЛЖИР тұтқыны болған Гертурда Платайстың естелігінен: Кенжегүл 
Аубакирова
    Карлаг балалары тағдыры жайында
С. Рысқұлова тағдыры туралы көрніс: Ұлтуған Акшалова
Кітаптағы «Қарлаг»,  «ГУЛАГ», «АЛЖИР» лагерьлеріндегі адамдардың тағдыры туралы тоқтала отырып, слайдтар, видео роликтер дайындап, «Ашаршылық» туралы фильм көрсетілді.
Бұл іс – шараны Тарихи өлкетану мұражайымен, медициналық колледж студентері, кітапхана бірлесе отырып өткізілдік.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска