«Тәуелсіздік- елімнің ерлік жолы»

«Тәуелсіздік- елімнің ерлік жолы»

Тәуелсіздік мерекесі- бүкіл Алаш баласының рухын көтеріп, еңсесін тіктейтін, әр қазақты мақтаныш шаттыққа бөлейтін мереке.
Биыл Тәуелсіздікке  24 жыл. Ал Қазақ хандығына - 550 жыл.
Бұл айтулы уақыттың қай- қайсысы да бар қазақтың басын косатын, бірлігін нығайтатын мерейтой.
            Осыған орай, №2 ОӘҒК- ның  абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен
«Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» атты тақырыпта Арқалық қаласындағы көпсалалы колледждің шаштараз бөлімінде оқитын студенттермен
кеш- реквием ұйымдастырылды.
            Кеш   әнұранмен басталды. Әрі қарай  Еліміздің ұлттық мерекесі- Тәуелсіздік күні халқымыздың сан ғасырлар бойы азаттық жолындағы күрестің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтардың жадымызда жаңғырып, осы кезге дейін жеткен жетістіктеріміздің айшықты оқиғалары жайлы айтылды.
Сондықтан да бұл күні Тәуелсіздік жолындағы арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары жайлы айту керек екені студент қауымға түсіндіру мақсатында
ведиороликтер көрсетіліп, Тәуелсіз Қазақстан елінің шежіресінен интелектуалдық сұрақтар қойылып, жастар нақтылы жауаптарын беріп отырды.  Кеш соңында кітап көрмесіндегі  әдебиеттерге шолу жасалынып,

композитор Е.Хасанғалиевтың «Атамекен» әні орындалды.

        Құрастырған   кітапханашы - Сығаева З.
                    
         

 

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска