12.09.2018
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай
заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек
мәңгілік!
5-қыркүйек Қазақстан халықтарының
тілдер күніне және қазақ халқының ақыны, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері,
ағартушы, этнограф, ғалым , тілші, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші Ахмет Байтұрсынұлының туғанына
145 жыл толуына орай, №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 12
қыркүйек күні «Тіл – татулық тірегі»
атты сайыс өткізілді. Сайысқа қаламыздың Торғай аграрлық колледжінің 1 курс
студенттері келіп қатысты.


Б. Момышұлы «Анамыздың ақ сүтімен
бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту»
деген екен. Ендеше, бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы
үшін өз Ана тілімізді құрметтеп,
қадірлей білейік.
Комментариев нет:
Отправить комментарий