«Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбеймі!»

                       «Алаш туы астында  күн сөнгенше сөнбеймі!»
Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасында  Алашорданың бір ғасырлық мерейтойына арналған «Алаш туы астында  күн сөнгенше сөнбеймі!» деген тақырыпта құрылған жылдық кітап көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
   Қазақтың ұраны – Алаш! Жау жағадан алғанда да батыр бабалар «Алаш» деп аттанған. Бейбіт күнде бас қосқан зиялылар да «Алаш» деп қол алысты. Биыл, міне сол Алаш автономиясының құрылғынаны 100 жыл.
 Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаш ұраны» атты өлеңімен ашылған көрме төрт бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлім Алаш қозғалысынаның 100 жылдығына арналды. Көрмедегі «Алаш. Алашорда» энциклопедияда, Мәмбет Қойгелдиевтың «Алаш қозғалысы», Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «Алаш» бағдарламасы: қиянат пен ақиқат», Бейбіт Қойшыбаевтың «Алаш жолы», Сақ Қайраттың «Алаш мұрасы», «Алаш Орда» кітаптарында және Тұрсын Жұрбайдың «Ұраным-Алаш!..», «Алаш қозғалысы. Движение Алаш» атты көп томдықтарда  жиырмасыншы ғасырдың басындағы отарлық ахуал, саяси-әлеуметтік тыныс-тіршілігі, қазақ зиялыларының отарлық езгі мен ортағасырлық мешеулікке қарсы күресі, Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған саяси қайраткерлердің тәуелсіз мемлекет-Алаш автономиясын құру жолындағы жанкешті еңбектері мен атқарған қызметтері, Қазақ съездерінің қаулы-қарарлары, Алашорда үкіметінің заңдары мен ережелері, Құрылтай жиналысы депутаттарының тізіміне қатысты құжаттық матиралдарды оқи аласыздар. Сондай-ақ, көрмедегі «Ұлт рухы. Алаш қайратерлерінің афоризмдері» атты кітапта Алаш қайраткерлерінің Отан, Ел, Тіл, Діл, Жер, Шекар, Білім, Патиротизм туралы айтқан сөздері топтастырылған.
Екінші бөлім «Алаш ардақтылары» деп аталады. Бұл бөлімде ХХ-ғасыр басында ұлт мүддесі үшін жоғары қойып, бастарын қатерге байлаған, қазақ елінің тәуелсіздігі жолында күрес майданына шығып, кеңестік билік тұсында тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, қуғынға ұшыраған Алаш Орда үкіметінің көрнекті мүшелерінің өмір жолы, саяси-қоғамдық атқарған қызметтері мен еңбектері жайлы қазақ және орыс тілінде шыққан кітаптары оқырман қауымға ұсынылды. Атап айтсақ, «Әлихан Бөкейханов. Шығармалар», Ахмет Байтұрсыновтың «Ақ жол», «Шығармалар.1-том», Міржақып Дулатовтың «Шығармалар. 1,2-том», Қоңыратбаев О. «Тұрар Рұсқұлов: Қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі. Түркістан кезеңі», Мұстафа Шоқай. «Таңдамалы шығармалар», «Асыл тұлға»: (Жанша-Жаһанша Досмұхамедов туралы), «Халел Досмұханбетов. Таңдамалы еңбектері. Избранные труды» т.б.
Келесі бөлімді ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арнап отырмыз. Мемлекеттік рәміздердің табиғи болмысы ерекше қоғамдық құбылыс ретіндегі тарихы бағзыдан бастау алады. Мемлекеттік рәміздердің тарихы – бұл төменнен жоғарға дейін жетіліп, осы заманғы түрлер қалыбына  түскен әлемдік өркениеттің даму жолы. Оған ой жүгірте отырып, қастерлі белгілеріміздің біз үшін несімен қымбат, несімен қасиетті және олар неліктен әр мемлекеттің әлеуметтік – саяси және қоғамдық тіршілігінде, тіпті, бүкіл әлемдік қауымдастық өмірінде аса маңызды рол атқарады деген сауалдарға жауап табу үшін көрмедегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы», «Тәуелсіздік нышандары», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері Тәуелсіздік нышандары», Ербол Шаймерденовтың «Елтаным» тарихи – философиялық рәмізбаянынаң, Ерофеева И.В. Символы казахской государственности ( позднее средневековье и новое время) деген кітаптардан оқуларыңызға болады.
ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жылдығына арналған төртінші бөлімде  қазақ жерінде өткен соғыстар, қақтығыстар, әскери-тарихи оқиғалар, олардың шайқас тәсілдері мен іс-қимылдары, ұрыс жүргізу тактикасы, көтерілістерде белгілі із қалдырған хандар мен батырлар, қолбасшылардың өмірдеректері мен фотосуреттері берілген  «Айбын» әскери энциклопедиясы, «Қазақтың ұлы қолбасшылары», М.Ө.Серпеавтың «Әскери өнер тарихы», Б.К.Сақтағановтың «Әскери педагогика», Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы», Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ел Қарулы Күштерін құрудағы және дамытудағы рөлі терең зерттелген А.Тасболатовтың «Жоғарғы Бас Қолбасшы-әскери қауіпсіздік кепілі»  және т.б кітаптарға шолу жасалды.
Бұл кітап көрмесінің тұсаукесеріне қаламыздағы облыстық Дала өлкетану мұражайының қызметкері Сағынтаев Батырлан мен Арқалық медицина колледжінің кітапханашысы Ахатова Айсұлу мен ФКБ-11 тобының студенттері қатысты.

Көрме жыл бойына жалғасын тауып Алаш қозғалысының тәуелсіздік мұраттары үшін күрестегі рөлі мен маңызын, оның көшбасшыларының саяси-құқықтық, демократиялық, ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастарын, тұжырымдарын мысалға келтіре отырып, жас ұрпақты ұлтжандылыққа, патриоттыққа елін, ұлтын сүюге және ұлт көсемдерін құрметтеуге шақырады.



Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска