«Келді наурыз мерекем»

                                               «Келді наурыз мерекем»
16.03.2018
         Алда келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні ұлықталды. Кітапхана қызметкелері мен қаладағы колледждердің бірінің ұйымдастыруымен үлкен мерекелік іс-шара өтті.                  

     Наурыз –көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтарының дәстүрлі мерекесіне айналған. Наурыз мейрамы әрқайсымыз үшін асыға күтетін асыл мереке екені сөзсіз. Бұл тамаша мейрам жыл мезгілі ауысатын кезеңнің ғана символы емес, барша тіршілік атаулының оянып, табиғат жаңғыруының нышаны. Наурыз – бақтың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам, жаңа жыл болып саналған. Осы мерекеге орай Арқалық қаласындағы  облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы бөлімі мен Арқалық қаласындағы Торғай агро-техникалық колледжінің кітапханасымен бірлесе отырып, «Келді наурыз мерекем» атты көрме-думан іс-шара ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалынды. Көрме үш бөлімді қамтиды І – бөлім «Қазақ халқының салт -дәстүрлері»; ІІ – бөлім «Ұлттық тағамдар», ІІІ – бөлім «Ұлттық ойындар» онда ұяшықтар арқылы  сұрақ-жауап берілген әр ұяшықты ашқан сайын таңдалған ұяшық арқылы бал жинау арқылы сайысы өткізілді. Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамының шығу тарихын түсіндіру, оқырмандардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, қазақ халқының ұлттық салт- дәстүрлерін, әдет-ғұрыпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету; қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып оқырмандарға ұғындыру. Іс-шара барысында  қазақ халқының бір салты шашу шашылып мерекелік сөз кезегін Торғай агро-техникалық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бейсенғалиева Әдемі Ғалымжанқызы Наурыз мейрамымен құттықтап, сайыскерлерге сәттілік тілеп, кітапханамызға алғысын айтты. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік институтының тарих және өнер факультетінің 4-курс студенті Қасымхан Ажар «Наурыз думан» әнін тарту етті. Әділ баға беретін әділ-қазы алқалары Торғай агро-техникалық колледж мұғалімі Бекқызы Ботакөз бен кітапханашы Асылай Сайлаубекқызы сайланды. Сайысқа түсетін студенттер екі топқа  яғни «Наурыз», «Көктем» командасы болып бөлініп, білімдерін, жылдамдықтарын көрсете отырып жарысқа түсті. Әділ қазы алқарарының шешімі бойынша «Көктем» командасы жеңімпаз атанды. Қорытынды сөз кезегі Торғай агро-техникалық колледж кітапханасының кітапханашысы Асылай Сайлаубекқызына беріліп, кішігірім сый-сияпат көрсетілді. Жыл басы - Наурыз халқымыздың салтында ойын күлкінің көркі мен сәні делінген бүгінгі іс-шарамыз оқырмандар үшін мына біздер үшін де, үлкен бір әсер алып, ойын көркінің мәні де сәні болды. Іс- шара соңында студенттер алғыстарын айтып жақсы тілектерін жазып естелік суреттке түсіп тарқасты.

 16.03.2018                         «Вечно юный, седой Наурыз» 

Наурыз  это праздник народов Востока. Он всегда был одним из главных  праздников народа. Восточный новый год это праздник весны, когда возрождается природа, уравниваются день и ночь, праздник дружбы и солидарности. Как рады все приходу весны!
16 марта 2018 года в читальном зале ОУНБ № 2 была оформлена книжная выставка «Келді наурыз мерекем», которая сопровождалась беседами и обзорами. На выставке были представлены книги и журналы на казахском и русском языках, освещающие особенности казахского национального наследия и культуры, а также информацию об истоках и традициях празднования Наурыза. 
Также библиотекари читального зала совместно с преподавателями агро-технического колледжа провели праздничное мероприятие, где в интеллектуальной игре «Вечно юный, седой Наурыз» приняли участие студенты 2 курса. Ведущие игры, поздравили  всех присутствующих с наступающим праздником Наурыз и рассказали о истоках и современных традициях  этого замечательного праздника. Затем студентам было предложено стать участниками интеллектуальной игры, которая состояла из шести туров: «Эрудиты, вперёд!»-участники выбирали вопрос по различным темам: «Национальные блюда», «Праздники и игры», «Обряды и традиции», «Особенности национальной кухни», «Волшебная семёрка», «Истоки Наурыза», «Полиглот», «Видеовопросы». Ребята вспомнили историю возникновения праздника Наурыз, традиции, обычаи и обряды казахского народа. На предложенные вопросы отвечали активно, проявив при этом смекалку, эрудицию, хорошие знания казахского народа, его традиций и обычаев. Победителям были вручены благодарственные письма и небольшие призы. Мероприятие прошло на фоне электронной презентации «Наурыз мейрамыңызбен». Вниманию учащихся также был предложен просмотр литературы «Внимают песням горы», представленный книгами по истории, культуре и искусству казахского народа.
Очень красивую песню о Наурызе исполнила Қасымхан Ажар «Наурыз думан».
Домой все расходились веселые, довольные, отведавшие разных вкусностей и сфотографировавшиеся на память.


















Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска