«Ұлдан ұлағат, қыздан инабат»

«Ұлдан ұлағат, қыздан инабат»
(ұлттық тәрбие туралы)
17 қыркүйек  күні абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлдан ұлағат, қыздан инабат» атты  диспут жүргізілді. Бұл диспутқа Арқалық педагогикалық институтының  студенттері және медресе шәкірттері   шақырылды
  Мақсаты: жастарды  адамгершілікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға, өз халқының салт-дәстүрін үйрете отырып, әдеп әліппесін дарыту.
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!  деген Абай өлең жолдарын қыздарымызға
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады,
Атадан жаман ұл туса,
Елінің соры болады       деген Қазыбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып  «Ұлдан ұлағат, қыздан инабат»   ұлттық тәрбие туралы  диспут сұрақтарына өз ойларын айтып, пікірлерін ортаға салды.
      Ұлттық тәрбие туралы студенттердің арасында төмендегідей сұрақтар талқыланды:
1.      Бабалар баланы қалай тәрбиелеген?
2.      Атадан ұлағат, анадан ғибрат сөзін қалай түсінесіндер?
3.      Адамның жақсы –жаман қасиеттері?
4.      Сіз қандайсыз?
5.      Ырым-тыйым сөздері өмірде неге керек?
6.      Азаматтық неке туралы не білеміз?
7.      Қыздың көркі деп нені түсінеміз?
8.      Қыздарды неге « өмірдің гүлі» дейді?
9.      Қызға қандай қылық жараспайды?
10.    Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едіңіз?
11.    «Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады»  дегенді қалай түсінесіз?
«Қазіргі заман қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. «Ұл тәрбиелей отырып,  жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деп бекер айтылмаса керек.»- деп Дәурен Айдана  өз ойын жеткізді .
Маулен Балнұр:
«Ер бала еңбекке ерте бейімделеді.Сөйтіп ауылдың ересек балаларымен, құрбыларымен, ағалары, әкелерімен бірге шаруашылыққа қарауға, әңгіме тыңдап, ертегі айтуға, өлең айтып, ән салуға бейімделген. Демек, қазақ халқының « жігіт сегіз қырлы, бір сырлы»  болсын дегені тегін емес десе;
Айманбетов Алмат: «тәрбие тал бесіктен екенін білеміз. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші шаңырақта дұрыс тәрбие көрмеген ертеңгі күні сол тамырсыз тәрбиені өз от басында қайталауда.»- деп өз ойын ортаға салды.
Сұрақтар өте қызу талқылыланып, жастар белсене жауап берді.. Ерекше өз пікірін ортаға салған студенттер: Қансейіт Мөлдір МДО-11, Еркіман Қабыл ТХ -21, Медресе ұстазы -  Айманбетов Алмат, Құттығали Гүлсезім ҚБ -21, Қошан Асем ҚБ-21, Алматов Нұртуған Ф-21, Дәуренқызы Айдана ҚБ-21, Маулен Балнұр ҚБ-21
Қыз бен жігіттің арасындағы ізеттілігімізді, парасаттылығымызды, мәдениеттілігімізді, кішіпейілділігімізді, адамгершілігімізді жоғалтып алмай, ұлдан ұлағат, қыздан инабаттылығымызды ұстай білейік.-деп диспут қорытындыланды.






Абонемент бөлімі
Кітапханашы                                              Исабекова Л.Б




Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска