Жастар жаңарып жатқан қоғамда

                            Жастар жаңарып жатқан қоғамда
              9 ақпан – Жастар күні. Осы орайда облыстық №2 әмбебап  ғылыми кітапханасының абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен Торғай агро-техникалық колледжінің  кураторы Айым Жарасқанқызы жетекшілік ететін Э-11 тобының студенттерімен диспут өтті.
              Диспутты өткізудегі негізгі мақсат - студент жастардың өмірге деген белсенді позициясын қалыптастыру, қазіргі таңдағы  жастарға керекті өзекті мәселелер төңірегінде
ой өрбіту. Өмірдегі басты құндылықтар: ақиқат,сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау, осы құндылықтарға жастардың жан дүниесінен орын алғызу.
Жалпы әлемді, әлемдегі келеңді-келеңсіз оқиғаларды дұрыс қабылдай білуге үйрету
үшін осы тақырып негізінде сұрақтар қойылып, жастар сұрақтар бойынша ой- толғамдарын, пікірлерін ортаға салды.
                Қазіргі жастарға ең қажетті жағдайлар: мемлекеттік жастар саясатының мақсаттары мен міндеттері, қағидалары, болашағын ойлайтын жастар қандай болу керек,
қоғамға жат әрекеттерден қалай аулақ болу керек, сөйлеу мәдениеті т.б сияқты мәселелер төңірегінде әңгімеленді.
            Әсіресе жастар дүние, тіршілік, шындық, ғұмыр, тағдыр, арман, жалған,
өмір жайлы әңгімелеу барысындағы кеңестерді ерекше риза көңілмен қабылдады.
            Сонымен қатар өзінің ой-пікірін ерекше әңгімелеп айтқан студенттер: Қалижанов Райымбек - ұялы телефонға тәуелділік, суицид  жайлы, Бисембаев Бекзат - жастардың ажырасу мәселелері жөнінде. Осы айтылған пікірлерден студенттер ерекше әсер алды.
    Адам ғұмыры туралы ой саралау үшін ең алдымен кез келген адам өмір сүрудің мәнін тек өз ғұмырының аясында, яғни, Алла берген ғұмыр, тағдыр екенін бағалай білу керек.
      Олай болса, сол ғұмырымыздың сәнді де, мәнді өтуіне өзіміз жәрдем етейік.






                         Диспутты ұйымдастырып, жүргізген
                         кітапханашы       З.С. Сығаева./


            

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска