Кітап рухы мәдениетке шақырады

           Кітап рухы мәдениетке шақырады
                       (хабарлама күні)

  23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні кітапхананың өнер бөлімінде «Кітап рухы мәдениетке шақырады» атты хабарлама күні өтті.
   Бағдарлама бойынша, біріншіден
«Кітап – рухани әлемнің мөлдір бастауы» үлкен кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылып, «Кітап – рухы мәдениетке шақырады» деген атпен кітап портфолиесі өткізілді. Бұл жерде бөлімге жаңадан түскен әдебиеттерге шолу жасалды. Өнердің әр саласы бойынша келген 15 кітапқа тоқталдық.. Мысалы:
1.    «Абайдың әндері мен күйлері» деген кітапта ұлы Абайдың әндері мен күйлері, ноталарымен бірге,  жаңадан басылып шыққан.
2.    Сегіз сері (Мұхаммед-Қанапия)
Шығармалары. 1-том.
Бұл кітапта қазақтың атақты біртуар ақыны Сегіз серінің екі томдық шығармалар жинағының бірінші томына ақынның өмірі мен шығармалары берілген.
3.    Біржан сал Қожағұлұлы
Шығармалары: мақалалар, сұхбаттар.
Бұл жинаққа Біржан салдың өлеңдері, айтыстары, әндері (нотасымен), оның шығармалары туралы әр-түрлі пікірлер енгізілген.
4.    Мұқан Төлебаев: альбом-кітап (100 жылдығына орай)
Кітапта қазақ музыкасының классигі, қазақтың опера өнерінің негізін салушылардың бірі композитор Мұқан Төлебаев туралы мәліметтер топтастырылып берілген. Өнер тұлғасының өмірі мен өнері фотосуреттерімен енгізілген. Кітап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.,т.б.
     Екіншіден, белгілі композитор, этнограф Александр Затаевичтің     145 жылдығына орай «Ұлт үнінің шежіресі» атты шығармашылық сағат өткізілді. Композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы айтылып, қазақ музыкасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан еңбегі сөз болды. Этнограф Затаевичтің, бөлімде бар, екі кітабына шолу жасалды. Олар:
     1.Затаевич А.В.
       500 песен и кюев казахского народа.
       - Алматы, 2002. – С. 378.
    
     2. Затаевич А.В.
       1000 песен и кюев казахского народа.
Александр Затаевич қазақ халқының музыкалық мәдениетін тұңғыш рет кәсіби шеберлікпен жинап, жазбаға түсірген ұлы композитор. Оның «Қазақ халқының 1000 әні» мен «Қазақтың  500 ән-күйі» музыкалық-этнографиялық жинақтары қазақ мәдениетінің қомақты көрінісі ретінде әлі де ел игілігіне жарай берері сөзсіз. Бұл қымбат қазыналарды мәңгі өлмейді десек, Затаевичтің де жарқын есімі ұмытылмайтыны анық.
   Затаевич – XX ғасырдың бас кезіндегі ірі музыка этнографтарының бірі. Оның қазақ музыка өнеріне сіңірген еңбегі орасан зор.
 Үшіншіден, «Кітаппен кеңес – білімдімен теңес» атты    библиокараван өтті. Бұл жерде музыка саласы бойынша көп сұралынатын, жаңадан түскен әдебиеттерге тоқталып, шолу жасалды. Жеке-жеке әдістемелік кітаптарға, қазақтың композиторлары, күйшілері, дәстүрлі музыкасы туралы әдебиеттерге тоқталып, хабарлама берілді. Барлығы бұл кітап көрмесіне 49 кітап қойылды.
  Және де «Кітап рухы мәдениетке шақырады» атты атпен буклет жасалып, оқырмандарға таратылды. Бұдан тыс,  өнер бөліміне, әр сала бойынша келіп түскен жаңа әдебиеттердің тізімі, оқырман назарына ұсынылды.


Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска