«Жадымда мәңгі сақталар»

                             «Жадымда мәңгі сақталар»
/ Тарихи естелік кеш/
Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған
Арқалық қаласының № 2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен «Жадымда мәңгі сақталар» атты тарихи естелік кеші ұйымдастырылды.
Кештің мақсаты:Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деге сйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.  1941жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9-мамырда  Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің жылдығы.
Кешке Арқалық қаласының құрметті азаматы- Ишутин Константин Иванович пен зейнеткер, тыл иегері- Қайыркен Тұрсынбекұлы Жиенбаев аталарымыз  және Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушылары шақырылды.
Сөз кезегінде Константин Иванович  соғыс кезіндегі қиындықтар,киімнің тапшылығы, аналарымен еріп еңбек жасағандары туралы сөз етті.Соғыс әр үйге ,отбасының өміріне жазылмас жараның іздерін қалдырғанын айтты.
Қайыркен атамыз да соғыс басталғанда небары 5 жастағы баламын, әкелеріміз соғысқа аттанды. Әкелеріміз бен аталарымыздың ұлы ерлігіннің өлшемі жоқ және ол еш нәрсемен өтелмейді. Өкінішке орай қарияларымыздың қатары күнбе-күн азайып баражатқанын айтты.
Кеш барысында бүгінгі бейбіт заманда өмір сүріп, еңбек етіп жатқан халқымыз осынау шат заманның қымбатқа түскенің оқырмандарға мысал ретінде бірнеше видеороликтер көрсетіп, кіндік қаны тамған жері үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен жерлес ардагерлеріміз: Мұратқали Камалов атамыз, Пуцыкина Тамара Ивановна,
Федько Яков Афанасьевич, Бушуев Владимир Николаевич, Романенко Федор Григорьевич аталарымыз туралы арнайы дайындалған слайд-презентациялар мен Мұратқали атамызға арналған буктрейлерлер ұсынылды.
Осы аталарымыздың құрметіне Арқалық педагогикалық институтының І-курс студенті Қасымхан Ажардың орындауында ән шашу шашылды.Қорытынды сөз кезегін №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры: Нұрманова Алма Жақсылыққызы ардагерлерге арналған құттықтау сөзін айтып, естелік шоқ гүлдерін ұсынды.
 Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жеңнен қол, бір жағадан  бас шығарып  Отанын қорғады.  «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - дей келе Ұлы Отан соғысының 70  жылдығына орай  ата-бабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың  ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтседе,  бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары  мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрек түпкірімізде ұстаймыз. 

 22 апреля 2015 года на абонементе  к 70-летию Великой Победы состоялся вечер исторической памяти  на тему « Жадымда мәңгі сақталар» « Навечно в памяти народа».

     Цель данного мероприятия – патриотическое воспитание подрастающего поколения, воспитание уважения и любви к памяти тех, кто защищая Родину не вернулся с полей сражений, показать нерушимую, крепкую связь поколений,вызвать внимание и любовь к тем,кто прошел через войну- ветеранам Великой Отечественной войны и труженникам тыла.
     На мероприятии присутствовали гости – почетный гражданин города Аркалыка, персональный пенсионер Республиканского значения, труженник тыла Константин Иванович Ишутин, пенсионер Жиенбай Каиркен, преподаватели и учащиеся старших классов гимназии им. И. Алтынсарина.
Мероприятие началось с гимна Республики Казахстан.Далее ведущие говорили о том, что фронтовиков с каждым годом становится все меньше и мньше. В тяжелую годину они самоотверженно вставали на защиту Отечества и ценой неимоверных жертв и лишений отстояли мир от порабощения и уничтожения.      Боевые ранения, пережитые лишения6, возраст не щадят тех немногих, кто проявив высокий дух, беззаветное мужество и стойкость, выковал Победу в самой жестокой и кровопролитной за всю историю человечества войне, сумел вернуться домой живым и своим созидательным трудом заложил основы нашего настоящего и будущего.
    Гости вечера делились своими воспоминаниями о суровых годах войны, о тяготах войны, о своих отцах и дедах, которые воевали на фронте.
Подробно рассказали  ведущие вечера о ветеранах войны-аркалыкчанах, которых осталось всего лишь 5 человек.Это Федько Яков Афанасьевич, Камалов Мураткали, Романенко Федор Григорьевич, Пуцыкина Тамара Ивановна, Бушуев И.О ветеранах войны был показан видеофильм, буктрейлер. Была сделана электронная презентация книг о Великой Отечественной войне. На протяжении вечера звучали песни о войне, почтили минутой молчания всех погибших на войне.

   В заключение вечера директор библиотеки Нурманова А.Ж. поздравила всех ветеранов с приближающимся Днем Победы, говорила о том, что сколько бы ни прошло лет, мы не забудем тех, кто погиб на полях сражений, самоотверженно защищал Родину и совершал трудовой подвиг в тылу и вручила гостям подарки.






Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска