«Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – қазақ хандығы»

«Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – қазақ хандығы»
  Биылғы жыл ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығы. Бұл оқиғалар – еліміздің тарихында түбегейлі бетбұрыс жасаған жасампаз кезен. Бұл тек тарихи қазынамыз ғана емес, елдік рухымыздың бастауы, бірлігіміздің негізі, мемлекеттілігіміздің айғағы. Олай болса осындай айтулы белестерге арналған «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – қазақ хандығы» деген тақырыпта құрылған жылдық кітап көрмесінің тұсаукесері ашылуы салтанатты түрде аталып өтілді. Көрменің керме қию рәсімі тыл және еңбек ардагері Орекен Алмат  пен «Жастар бастамалар орталығының» жетекшісі Аманкелді Ахметжановқа берілді.
 Көрменің бірінші бөлімі  Қазақ хандығының  550 жылдығына, екінші бөлімі

 « Ерлікке тағзым» Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, үшінші бөлім  «Ата Заңның асқарлы асуы» ҚР Конституциясының 20 жылдығына, төртінші бөлімі  «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» Қазақстан халық Ассамблеясының 20 жылдығына арналған. Көрменің ашылуына тыл және еңбек ардагері Орекен Алмат, ҚР Мәдениет қайраткері Жұмағали Өмірбек, тарихшы Шөптібай Байдилдин әр бөлімдер бойынша тоқтала отырып, оқырмандарға көптеген мағұлматтар берді. Сонымен қатар белгілі жыршы Қуанышбай Қазымбек «Елім – ай» дастанынан үзінді орындады. Өнерлі студент жастардың күшімен қазақтың атақты үш биінің (Төле , Қазыбек, Әйтеке) бейнесі сомдалды. Көркемсөз оқылып, патриоттық әндер шырқалды. Бейне фильмдер, слайттар дайындалып көрсетілді. Бұл өткізілген іс –шара оқу залының меңгерушісі Құсайын Д. Е. ұйымдастыруымен өтілді.  


Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска