Әнімен тербеп туған елін

Әнімен тербеп туған елін
Композитор Әбілахат Еспаевтың туғанына 90 жыл
Хабарлама

         Қазақтың көрнекті композиторы, жерлесіміз Әбілахат Еспаевтың туғанына биыл 90 жыл толуына орай №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың өнер секторында «Әнімен тербеп туған елін» атты саз кеші өтті. Ән кешіне қаламыздағы  композитордың әндерін орындап  өнер сүйер қауымға насихаттап  жүрген ән сүйер қауым – көрермендер,  қаламыздағы ардагерлер арасынан құрылған «Қазына» ансамбльінің әншілері қонақ болды. Ән кешін  композитордың өмір жолынан, туған жері, балалық шағы, ата-анасы жайлы деректерден, саз өнеріне келген уақыттан бергі  өмір сүрген 54 жыл өмірінің денін ән жазуға арнағаны жайлы айтылды. Өмір деректерінен алынған  мағлұматтарға тоқталынды. Композитордың ән  өнеріне мектеп қабырғасында жүрген кезінде ұстазының сөзіне жазылған «Туған ел» әнін жазуынан басталғаны және 17 жасында Ұлы Отан соғысына аттанып, сол зұлым соғыстағы Днепр майданы жайлы «Днепр туралы жыр» (сөзі Сырбай Мәуленов) әндерінің өмірге келгені жайлы ой толғанды. Бала кезінде  орыстың мандолин аспабын игеріп, бойына келген әуендерді осы мандолин арқылы  өмірге әкеліп, нотаға түсіріп отырған. Ә.Еспаевтың вокалдық музыка жанырында ән-романс, баллада, хорға арналған шығармалары жайлы әңгімелене отырып,250 ден аса әндері мыңдаған тыңдаушыларының жүрегінде жатталып қалған сәтті туындылар екені айтылды.  Сұм соғыстан алған жүректегі қадалған оқ пен сол қолында қалған оқ жарақатынан зардап шеккен композитор Әбілахат Еспаев бар жоғы 54 жыл өмір сүріп  өмірден озғаны,  ән өнерінде ұрпақтарына өшпес мұра қалдырғаны айтылды.  Кештің мәні мен сәні ән кешінің ажарын жерлесіміздің шығармалары орындалумен мазмұнданды.  Әбілахат Еспаевтың 90 жылдығына арналған «Әнімен тербеп туған елін» тақырыбындағы ән кешінде композитордың «Ұстазым менің ұстазым» (сөзі А.Шамкенов);  «Сағыныш екен бала кез» (сөзі О.Әубәкіров); «Әлі есімде» (Н.Әлімқұлов); «Батыр бала Болатбек» (сөзі Н.Әлімқұлов); «Қазақстан шашуы» (сөзі Ғ.Қайырбеков); «Қайдасыңдар достарым» (сөзі Қ.Ыдырысов); «Ақ сәулем» (сөзі Қ.Аманжолов); «Бейбітшілік сақталады» (сөзі Н.Шакенов) әндері  «Қазына» ансамблінің ардагер әншісі – Ақторта Әбілованың, тағы басқа ардагерлердің,  Әнші Нәбира Онжанованың, әнші Зайра Сығаеваның, әнші Тоқтар Әбдіхамитовтың орындауында айтылды. Кеш соңында  «Қазына» ансамблінің орындауында Әблахат Еспаевтың «Қазақстан шашуы» және «Бейбітшілік сақталады»   ән-хорларын орындауымен кешімізді аяқтадық. Ән кешіне ардагерлермен бірге Арқ.МПИ; Торғай Гум.колледж студенттері қатысты.


 








                                                  Дайындап, жүргізген Әубәкірова Ә.Қ.





Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска