Түркі әлемінің рухани жұлдызы



13.11.2019 ж.
Түркі әлемінің рухани жұлдызы
           Алдағы жылы Қазақстан жұртшылығын мерейлі даталар күтіп тұр. Соның бірі  Шығыстың Аристотелі атанған  Әбу Насыр Әл- Фарабидің туғанына 1150 жылдығы.  Ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеу мақсатында Арқалық қаласы  № 2 облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының оқу залы бөлімінде  «Түркі әлемінің рухани жұлдызы»  атты кітап көрме бұрышы  ұсынылды.  Кітап –рухани азық. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді. Ғұлама ғалым Әл-Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген саласы жоқ деуге болады. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл данышпан, философ, энциклопедист, ғалым.
Көрмеге Әл-Фарабидің өмірі мен қызметі туралы және оның ғылыми еңбектері, философия, социология, математика, физика, астрономия, ботаника, лингвистика, логика және музыка саласына зерттеулері қойылды. Ж.Алтаевтің «Қазақ философиясы», Әл-Фарабидің «Қайырымды бала, музыка туралы кітап», «Таңдамалы трактаттары», А. Көбесовтің «Әл-Фарабидің ашылмаған әлемі», П.М.Сүлейменовтің «Әл-Фараби және қазақ халқының рухани мұрасы», А.Көбесовтің «Әл-Фараби мен Абайды қатар оқығанда» және баспа беттерінде жарияланған материалдар қойылды. 
«Түркі әлемінің рухани жұлдызы»  атты кітап көрме бұрышымызбен танысуға Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педогогикалық иститутының  тарих факультетінің ТХ-11 тобының бірінші және екінші курс студенттері келіп көрмемен танысты.  Кітапханашылар кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандардың мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған данышпан, философ, энциклопедист-ғалым, әдебиетші  ақын Әл-Фарабидің еңбектерінің  қысқаша мазмұндарымен таныстырып өтті.







Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска