«Этноауыл»


10.10. 2018.
                Кітапхана түні – 2018 барысында  облыстық әмбебап кітапхананың өнер секторы қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын, қолөнер бұйымдарын насихаттау мақсатында «Этноауыл» тақырыбында сазды қонақжай ұйымдастырды.
            Қонақжайдың бұл күнгі  қонақтары қаламыздың құрметті азаматтары, өнер және мәдениет жанашырлары, спорт тұлғалары болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан бұл іс-шарада, танымал актер, даңқты жерлесіміз Әнуар Боранбаевқа арналған «Жұлдыздар із тастап ағады» атты  көрме-кейіпкер әзірленіп, әртістің өмірбаяны, шығармашылығы сөз болды. Кейіпкерді сомдаған қаладағы Қазақ жасөспірімдер театрының әртісі   Манетов Әлібек Маратұлы.
               
 «Ұлт қолөнері – асыл қазына» атты қолөнер көрмесі әзірленіп, оқырмандар назарына көне бұйымдар, тұрмыстық заттар және осы тақырыпқа сай әдебиеттер насихатталды.




 Бұдан бөлек «Өмірмен өзектес өнер» атты көрме қойылды, оған өлкеміздің ақын-жазушы, күйші, композитор, журналист, қоғам және өнер қайраткерлеріне арнайы дайындаған папка жинақтамалары қойылды.
            Көздің жауын алатын, сандық, шабадан, көрпешелермен безендірілген қазақ ауылында, халық әні шырқалып, күй тартылып, ұлттық тағамдардан  дәм татқызылды. Ауылдың алты ауызын айтып, қонақтардың көңілін  көтерген, қаладағы өлкетану мұражайының қызметкері – Рауан  Абдулламанұлы.
            Қонақжайдың құрметті қонақтары: зейнеткер-ұстаз, қалалық ардагерлер  ансамблінің жетекшісі – Амина Сарманова , зейнеткер Ғалия Байзақова, қолөнерші Шөптібай Байділдин,әнші Армангүл Батырғалиқызы, колледж кітапханашысы Екатерина Досанова, тренер Алпыс Инербаев, және т.б.
            Ауыл сыртында «Сұлулыққа іңкәрлік» атты шеберлік сыныптары, ұлттық және спорттық ойындар өтті.
                              Маникюр ісінің шебері – Сандуғаш Белгібайқызы.




            Этноауылымызға қонақ болып, көрме кейіпкерімен суретке түсіп, жақсы көңілмен тараған оқырмандар көп болды.


              

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска