«Өнердің биік шынары»


11.03.2019.
«Өнердің биік шынары»
Қазақ киносының шебері, театр өнерінің шыңын бағындырған тума талант иесі Әмина Өмірзақованың  туғанына биыл 100 жыл толды. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елімізде бірінші рет театр және кино әртісінің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп жатыр. Қазақ анасының, әйелінің бейнесін сомдаған  ұлы актрисаға ұлы құрмет пен қошемет көрсетілуде.
Сондай шаралардың бірі өнер секторының ұйымдастыруымен өткен «Өнердің биік шынары» тақырыбындағы танымдық кеш. Қазақ өнерінің тарихында қалған, сахна саңлағының өскен ортасы мен өмір жолына саяхат жасалды. Аяулы актрисаны тағдырдың қаталдығы мен уақыттың ауыр зардабы өнерге деген махаббатын сөндірген жоқ. Өнердегі бірінші қадамы ән айтудан басталған екен, апайымыздың дауысы жақсы болғандықтан, қыздар хорына қабылданады. Одан әрі шығармашылығына кеңінен тоқталдық. Театр және кинодағы алғашқы рөлдері, жалпы 150-дей образды сомдаған актриса. Көрермен көзайымына айналған «Тақиялы періште» фильмінде Тана ананың болмысын бейнелеген, Әмина Өмірзақова, өзінің риясыз күлкісімен көрерменнің есінде. Дәл осы фильмнен оқырмандарға арнайы үзінді көрсетілді. Кешке көпшілік оқырман, жастар қатысып мол ғибрат алды.
11.03.2019.                       
                                      «Жизнь, отданная искусству»

   11марта  сектором искусства был проведен вечер памяти «Өнердің биік шынары», посвященная 100-летию со дня рождения артистки театра и кино, народной артистки СССР и КазССР Амины Омирзаковой. Несмотря на жизненные трудности, она выбрала искусство и до конца служила ей. 68 лет она была на сцене театра, за это время сыграла около 150 ролей. Ну а ее  визитной карточкой в кино, это конечно же, роль мамы Тайлак в комедий «Ангел в тюбетейки».Участники встречи познакомились с творчеством артистки, посмотрели книги из фонда сектора, статьи из периодических изданий, материалы интернет-ресурсов.  На встрече царила тёплая, дружеская атмосфера, дополняли которую музыкальные номера. Такие встречи  способствуют эстетическому и патриотическому воспитанию подрастающего поколения, пропаганде творчества казахстанских артистов.
Присутствовало 20 чел.


Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска