Поэзия пайғамбары

Поэзия пайғамбары

«Қадыр Мырзалиевтей қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың... Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе де сөзін біледі. Мұндай даусыз данқ, татаусыз танымалдылықтың сыры – Қадыр талантының қарапайымдылығында».
Әбіш Кекілбаев

  Арқалық қаласының № 2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақтың Қадыры мен поэзияның қадiрi деп саналған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Халық Жазушысы Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына  арналған «Поэзия Пайғамбары» әдеби сазды кеш өтті. Студент жастар  мен оқушылар поэзиясынан дала сазы мен домбыраның үні ақынның соңына қалдырған бай да, классикалық мұраларына ой көзiмен үңiлді.Кеште Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияның 10 сынып оқушылары мен студенттер қатысты.

Әр дәуір өз ақынын тудырады десек, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев шығармалары оның өзі өмір сүрген жылдардағы көркем тілмен жазылған шежіре десе болады. Қадыр ақынның поэзиясы сан қырлы. Ол Отан, дәуір, халық, қазақ мінезі, елге, жерге сүйіспеншіліктен бастап, барлық жақсылық атаулыға сүйсініп, адал еңбек, пәк махаббат, биік адамгершілік, туған табиғатқа деген немқұрайды-лыққа дейінгі барлық әлеуметтік  саланы қамтиды.
«Қадырды білмейтін қазақ әсте жоқ. Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі.
. Қадыр ақын сүйікті оқырманына халқының қазақы қасиеттерін,тектілігін,тазалығына ту еткен туындысы-«Қазақ осы »әнімен ашылды.Ақынға арнау өлеңдерін Дәурен Айдана мен кеш қонағы мұражай қызметкері Қойшыбай Мұқият оқыды. .   Қазақ әдебиетіндегі жыр саңлақтары жүрек тұсымыздағы өлең иесі туралы экраннан көрсетілді. Қадыр ақынның сөзіне жазылған «Тамаша», «Сыған серенадасы», «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру», , «Атамекен», «Асыл әжем» әндері қазақтың махаббатына бөленген жауһарлар. Әдеби кеште ақын-ның өлеңдеріне жазылған әндер орындалды.
 Арқалық педагогикалық институтының  студенті Қасымхан Ажар  Қадыр ақынның  сөзіне жазылған «Асыл әжем» әнін орындады. Ақынның  «Атым – Қадыр», «О, балалық!», «Дала», «Қазақ пен қонақ», «Дос туралы», «Сарыла қаз», «Бабамыздың шоқ басқан табанымен», т.б. өлеңдерін  Арқалық гуманитарлық колледж сутенттері-Мұханбетқали Жұлдыз,Абдысалық Айзат,Бақытжан Қымбат, Мұсаева Фариза, Арқалық педагогикалық институтының студенттері- Ерболат Нұх, Төкен Айгүл,Күнғозиева Айдана, Жақия Гүлназ жатқа оқылды.  
Ақын ағамыздың тұнықтықтан жаралған поэзиясы, өлең-жырлары болашақ ұрпақтарымыз үшін жол көрсетер шырағданы, үлгі тұтар бойтұмары болары анық.  Таланты мен еңбекқорлығын ұштастыра отырып артына өлмес мұра қалдырған тамаша талант иесі Қадыр ақынның орны бүгінгі ұрпақ орны ерекше екенін мақтанышпен айтамыз! Аяулы Атамекенін «Күннің өзі ұясына, қимай оны батады екен» деп сипаттаған  ақынның  жырлары ұрпақтың мәңгілік жадында. Кеш соңында студент жастар Қадыр ағамыздың сөзіне  жазылған  Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін  хормен орындады.
                                Поэзия Пайғамбары
                              К 80-летию поэта Кадыра Мырзалиева
В областной универсальной научной библиотеке на абонементе прошел поэтический вечер, посвященный 80- летию народного писателя Казахстана, Лауреата Государственной Премии Каз. ССР., лауреата  независимой премии «Тарлан»  на тему «Поэзия Пайгамбары». Мероприятие было проведено при активном участии студентов Тургайского гуманитарного колледжа и учащихся старших классов гимназии имени А. Байтурсынова.
Кадыр – это поэт- интеллектуал, глубоко любим народом, и в этом секрет того, что его творчество имеет большую познавательную и воспитательную силу. Кадыр Мырзалиев автор более 50 поэтических сборников, литературно-критических и детских книг, автор более 200 песен В стихах Кадыра Мырзалиева говорится о суровом военном времени, о том, какой ценой досталась нам Победа, с  любовью поэт воспевает красоту природы родного края, степных просторов.
В ходе мероприятия ведущая вечера библиотекарь абонемента Ляззат Исабекова познакомила студентов с творчеством поэта, с его изумительными стихами о природе родного края, о любви, о тяжелом военном времени. Стихи поэта читали студенты Торгайского гуманитарного колледжа Муханбеткали Жулдыз, Касымхан Ажар, Бакытжан Кымбат,Мусаева Фариза, а также активное участие в вечере поэзии принимали студенты Арк.ГПИ Даурен Айдана, Токен Айгуль, Кунгозиева Айдана, Хожахметова Айгерим, Абдухамит Токтар. Гостем вечера был научный сотрудник областного музея степного края Койшибай Мукият, который посвятил поэту свое стихотворение-арнау. Песни на стихи Кадыра Мырзалиева «Қазақ осы», «Асыл аже», «Атамекен», «Цыган жыры»,  «Орыс досыма» и др.пользуются большой популярностью и любовью не только у людей старшего поколения, но и у молодежи.Все эти песни звучали на вечере.В ходе мероприятия демонстрировались видеоролики о поэте,буктрейлеры, были показаны элетронные презентации его многочисленных книг.






Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска