Хабарлама

Хабарлама
11 қыркүйек  күні абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақ хандығы туралы не білеміз?»атты  көрме викторина  өтті. Бұл көрмеге Арқалық педагогикалық институтының  Тарих бөлімінің 1 курс студенттері қатысты.
 Мақсаты: Қазақ хандығы туралы білімдерін жинақтап,одан әрі өмірде қолдана білуге үйрету.Оқырман қауымның туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рух енгізу,төл тіл мен дінді мәдени мұраны, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
2015 жылы  Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толып отыр. Осыған байланысты, елімізде жастардың патриоттық сезімін барынша күшейту мақсатында студенттер арасында көрме викторина ұйымдастырылды. 
Викторина 5 турдан тұрды:
1 – тур (тарихтан сұрақтар)
«Толған ел тарихын таспен жазады,
 Тозған ел тарихын жаспен жазады» 
2- тур (Қазіргі өмірде осы қайраткерлердің алатын орны ) (ескерткіштер)
«Ерлік – ел есінде»
3 – тур.
«Кім жылдам?»
4 – тур (жыраулар туындыларын табу)
«Ата – баба мұрасы – сарқылмайтын қазына»
5 – тур
«Жедел жауап»
Студенттер  жақсы ат салысып, сұрақтарға жауап беріп отырды. Көрме сонында  «Қазақ хандығына 550 жыл» атты буктрейлер көрсетіліп, кітаптармен таныстырылды.Тарих толқынында шыңдалған Қазақ хандығының жарқын беттерін қарапайым адамдар мен ірі тұлғалар құрағанын және  ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кеткені туралы айтылып. Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында  екенін . түсіндіріп көрме –викторинамыз қортындыланып,ұпай сандары есептелінді.

Кітапханашы:                                                                  Исабекова Л.Б




Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска