«Қазақ
жырының тұлпары»
С.Мәуленовтың
туғанына 95 жыл
28.09.2017 ж,
Қазақтың
қара өлеңін кие тұтқан жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың
жұртшылықтың махаббатына бөленген қазақ поэзиясының Сырлы да Сырбаз ақын
Сырбай Мәуленовтің туғанына 95 жыл толуына орай «Қазақ жырының тұлпары» атты поэзия
кеші өтті. Мақсатымыз қазақ лирикасының классигі Сырбай Мәуленовтің өмірімен
шығармашылығы жайлы баяндау, сырбаз сыршылдық пен сымбатты суреткерлік өлең
өрнегімен, ақынның соғыс тақырыбындағы толғаныстарымен, табиғат бояуларын өзек
еткен жырларымен таныстыру. Ақын жыр маржандары арқылы туған жеріне, еліне
деген сүйіспеншілікке, патриотыққа, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Бұл кешке Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогика институтының
№1 студенттер жатақханасының тәрбиешісі Исмайлова Сымбат Нұрланқызы және
бірінші курс студенттері белсенді ат салысты.
«Сырбайдың сырыл әлемі» атты кітап көрмесі
құрылып, іс-шараға қатысқан көпшілік қауымға
таныстырылып, насихатталды.
Комментариев нет:
Отправить комментарий