«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы кітапханалардың рөлі»



«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске
 асырудағы кітапханалардың рөлі»
/Аймақтық  онлайн зерделі кеңес/

Арқалық қаласындағы Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының әдістеме-библиография бөлімінің ұйымдастыруымен 30.06.2020 ж. күні «Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асырудағы кітапханалардың  рөлі» тақырыбында аймақтық онлайн зерделі кеңес өткізілді. Бұл кеңеске Аманкелді, Жанкелдин, Арқалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қатысты.
Зерделі кеңестің мақсаты – ақыл-ой қазынасының мекеніне айналған кітапханада рухани тәрбиені ұлықтау, өткенімізді бүгінгі күнмен сабақтастыра отырып, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың рухани жаңғыру жолында жасап жатқан еңбектерін дәріптеп, ұрпақ санасына мәдени мол мұраларымыз арқылы сіңіру. Рухани жаңғыру арқылы әлем мойындар ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті байланыстыра отырып, кітапханада рухани жаңғыруға қатысты ұстанымдарды қолдау.
Зерделі кеңесте: кітапхана басшысы Борибаева Қазына Байсабекқызы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Кеңес барысында Әдістеме-библиография бөлімінің меңгерушісі Ахметжанова Әсем Қабдуалиқызы «Тәрбие және білім»: «Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асырудағы кітапханалардың рөлі»,  Абонемент бөлімінің кітапханашысы Жақия Гүлназ «Кітапқа деген қызығушылықты ояту арқылы рухани-адамгершілікке тәрбиелеу», Кітапхана басшысының орынбасары Жангалиева Роза Жылқыбайқызы Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының «Рухани жаңғыру» бағыттары бойынша жасалып жатқан жұмысы», Библиограф Сейтқожина Гүлнар Кенжеғазықызы «Рухани жаңғыру» - өлке тарихын қайта тануға жетелейді», Оқу залы меңгерушісі Исабекова Ләззат Баяхметқызы «Рухани өрлеу» жобасы – елеулі еңбек жемісі» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска