«Наурыз елімнің берекесі»

«Наурыз елімнің берекесі»
                                
        Наурыз –ежелгі дәстүр бойынша Жаңа жылдың басталуы ғана емес, бұл сонымен бірге таңғажайып көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, қайта жаңғыруы және көп ұлтты еліміз бірлесіп тойлайтын –Достық мерекесі.
Наурыз- мейрамы қазақ халқының ұлттық мерекелерінің ішіндегі ең негізгісі және маңыздысы болып табылады. Халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін, тарихын бейнелейтін бұл күнді қазақ халқы ерекше қадірлеп «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған.
Мерекелік іс-шара  Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасында кітапханашы қызметкерлер арасында «Наурыз елімнің берекесі» атты
мерекелік кеш өтті.
         Қазақы салт-дәстүр бойынша  шашу шашылып, кітапхана басшысы -Қазына Байсабекқызының құттықтау сөзімен ашылды.
Ән әуелеп, күй күмбірлеп, ұлттық билер шараның көрігін қыздырды. Жүргізушілер қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық дүниетанымын, тұрмыстық бұйымдарын таныстырып, ұлттық ойын түрлері, қазақы ырым-жоралғылар туралы түсінік беріліп отырды.
Сондай-ақ, шараға әр бөлімнің дайындаған салт-дәстүрден көріністер көрсетіліп, викториналық сұрақтар қойылып, ,  ұлттық ойындар ойнатылды..
Кітапханашылар іс-шараға өте белсене қатынасып,  шара қызықты өтті. Заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміз көнермейтіндігін, ұлттық мұраны қайта жаңғырту керек екенін түсінді. Өздері куә болған дәстүрлерді көкейлеріне тоқып, саналарына сіңіріп алғандай болды.
Іс-шараның « Наурыз тілек»  бөлімінде бір-бірлеріне наурыз тілектерін жаудырды.Кеш соңында барлық кітапханашылар мейрамның басты тағамы –Наурыз көжеден дәм татып, мәз-мейрам болып тарқасты.
Жаңа жыл қазақ еліне құтты, табысты болсын!



          Құрастырған кітапханашы:         Исабекова  Л.Б   




Наурыз - елімнің берекесі
  Праздник Наурыз – один из самых любимых праздников не только казахов, но и всех Восточных народов, связанных с обычаями и обрядами казахов. Накануне праздника Наурыз в отделе была оформлена книжная выставка на тему «Наурыз - елімнің берекесі». Выставка состоит из трех разделов:
     1. «Еліме қуат, халқыма шуақ бер Науырыз»
     2. «Наурызым – мерекем, Наурызым – берекем»
     3. «Дәстүрімді баққаным, үмітінді жаққаным»
            Главная цель данной выставки – познакомить читателя с книгами по истории древнего праздника, о красивых обычаях и обрядах казахского народа. Выставка пользовалась большим спросом у читателей – педагогов, студентов, школьников. С выставкой поработали около 50 человек, было выдано более 30 книг.
            19 марта при активном участии студентов АрГПИ филологического факультета был проведен фольклорный ринг «Армысың әз – Наурыз»! Цель данного мероприятия – рассказать и показать один из самых древних, самых красивых праздников нашего народа. Праздник получился. Звучала музыка, песни, стихи о Наурызе. Ведущие рассказывали об истории этого древнего и красивого праздника Наурыз мейрамы.
. Библиотекари кидали шашу, угощали гостей традиционным Наурыз – коже, бауырсаками. Был показан один из красивых казахских народных обрядов тусаукесер, казахская народная игра сакина салу.. Был герой сказок Алдар Косе и Звездочет, который дал хорошие предсказания на Новый Год. В заключение Праздника вниманию гостей были представлены слайды книг об истории Наурыза, книги об обычаях и обрядах казахского народа, которые имеются в фондах нашей библиотеки.     


Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска