" Ата Заң - алтын арқау"


28.08.2019 ж.
                                    " Ата Заң - алтын арқау"
   Бүгінгі таңда біз, бейбіт қанатын кең жайып, көкке ұмтылған тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Еліміздің аумағы, татулығы мен бірлігі жарасқан халқы, ұлттық рәміздері, өзіндік таңдап алған сара жолы мен қоғамның ұйытқысына айналған Конституциясы бар. Осы 30 тамыз ҚР  Конституция  күніне орай кітапханамыздың оқу залы бөлімінде      " Ата Заң - алтын арқау" атты іс-шара өткізілді.  Мақсатымыз -  еліміз қабылдаған Ата заңның өмірлік қажеттілігін ұғындыру,  құрметтей білуге үйрету. Құқықтық сана-сезімін, құқықтық сауаттылықты қалыптастыру. Конституциядағы маңызды терминдерге тоқталу арқылы оқырмандардың саяси жадыларын жаңғырту, патриоттық тәрбие беру.
Бұл іс-шараға қаламыздағы «Сәби-Арқалық» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің күндізгі бөлімшесіндегі зейнетке шыққан қарияларымыз қатысты. Іс-шара барысында, заң аясында толық мәліметтер біріліп, патриоттық әндер шырқалып, «Айшықты Ата заң-азаттық айдыны» деген тақырыпта құрылған кітап көрмесіне шолу жасалынды.

" Ата Заң - алтын арқау"
   К празднованию Основного Закона страны – Конституции в стенах библиотеки были оформлены тематические выставки "Ата Заң - алтын арқау", «Айшықты Ата заң-азаттық айдыны», «Елдіктің асылтірегі – Ата Заң». С обзором литературы первой вышеназванной выставки выступили на мероприятии, организованном при дневном отделении общественного объединения инвалидов «Саби-Аркалык». Основной целью выставки является углубление знаний о Конституции Республики Казахстан, воспитание осознанного к ней отношения, основанного на уважении, почитании и выполнении своих конституционных прав и обязанностей.









Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска