«Естең
кетпес асыл бейнең»

Поэзия кеш Мәриям
апамыздың тағылымды да өнегелі мол мұрасын
студенттік жастарға насихаттау, жастардың бейілін қазақ поэзиясына тарту, Мәриям
Хакімжанова шығармалары арқылы адами құндылықтар мен адамгершілік қағидаттарын
студенттер бойына сіңіру сынды қасиетті мақсаттарды арқалады.
Кешіміздің қонағы Мәриям
апамыздың көзін көрген, хат алысқан, дәмдес болған зейнеткер - Шынар
Қабдыбекқызы Мәриям апамыз туралы әңгімелерін
айтып, хаттарын оқып берді.Бейнежазбадан Мәриям апаның
1990 жылы “Қазақтелефильм” түсірілген — «Атамекен» деген деректі фильмнен Мәриям Хакімжанова туралы
үзінділер көрді.
1906 жылдың қараша айында Қостанай өңірінің Мезгіл деген қайыңды
тоғайының бауырындағы Хакімжан мен Төлегеннің отбасында Едірес, Ахметжан дейтін
ұлдарынан кейін асыға күткен қыздары дүниеге келді.Екі аға және Мұхамеджан, Жақия
есімді інілерінің ортасында Мәриям бұлаңдап өсті. Алғашқы ұстазы Сұлтанғазы
Ахметовтен жеті жасынан сауатын ашып, бабасы Ыбырай Алтынсарин негізін салған
“орысша, қазақша оқытатын ауылнайлық школа” деп атайтын мектепте оқыды.
1935 жылы “Жеңешем өлеңдері” кітабы жарық көрді. Әр жылдары
шыққан “Ана махаббаты”, “Жыр асуы”, “Бөбегім менің – өлеңім менің”, “Ана көктемі”,
“Гүл туралы аңыз”, “Намыс”, “Өткелдер” және басқа да жыр жинақтарын қалың оқырман
жылы қабылдап, ақын ретінде ғана емес, халық ауыз әдебиетін жинап-зерттеуші,
атақты Мұрын жырау, Жамбыл, Омар Шипин, Нұрпейіс Байғанин, Абдолла Жұмағалиев,
Мұқан Төлебаев, Тайыр Жароков және басқа да тұлғалар туралы жазған аса құнды
естелік, мақалаларымен тарихтан өз орнын ойып алды.

«Мен –қазақ
қызы асқақ үнді» атты бөлімде ақын апамыздың ана тақырыбында,
табиғат тақырыбында, саяси өлеңдері оқылды.
«Ерлік
жырлары» - бөлімінде ақын апаның сәтті туындысы,
шырайлы шығармасы «Мәншүк» поэмасына тоқталды.
«Қаламдасым
– қанаттасым» -бөлімінде арнау өлеңдері оқылып, ақын апа
туралы лебіздер тыңдалды.
Ақын 89 жасында дүниеден өтті. Алайда, ақынның мұрасын өскелең
ұрпақ еш ұмытпайтыны хақ.Кеш соңында «Мәңгі жаса Мәриям мұралары» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.
Кітапханашы :
Исабекова Л.Б
Комментариев нет:
Отправить комментарий