Мамандығы мақтанышым

                                     


                                                         Мамандығы мақтанышым
                                   
«Мен кітапхананы ақыл – білім, адамгершілік ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті сол асыл қазынаның сақшылары санаймын», - деп жазушы, қоғам қайраткері Ә. Кекілбаев айтқандай, біздің кітапханашылар кітапханаға кірген әрбір оқырманға білім шуағымен қатар, көңіл шуағын да шашып, мейірімді жүздерімен өздеріне бірден баурап алады. Өмір жолын қарапайым кітапханашыдан бастаған ол, ОҒӘК-ның директорлығына дейін  көтерілді. Бүгінде ОҒӘК осынау киелі шаңырақтың нығаюына сүбелі үлесін қосып отырған  Нұрманова Алма Жақсылыққызымен бенефисі өтілді.
  Бұл кешті өткізудегі мақсатымыз Еңбек адамдарын мадақтай отырып, кітапханашы мамандығына деген жас ұрпақтын көзқарасын ояту болды. Бенефис қонақтары А. Жақсылыққызының   жұбайы Сүгірбай Абдіхамитұлы  кітапхананың бірнеше жылдан бергі оқырманы «Қостанай таңы» газетінің тілші Мұрат Жүнісұлы, Гүлбаршын Каримжанқызы және әріптестері Қазына Байсабекқызы, Зайра Сансызбайқызы қатысып кітапхана мамандығы туралы және Алма Жақсылыққызы туралы жақсы пікірлар айтылды. Кеш қонағының  еңбек жолдары туралы арнайы дайындалған  бейне фильм көрсетілді.                   Отбасында А. Жақсылыққызы сүйікті жар, 4 бала тәрбиелеп өсіріп, немере көріп отырған аяулы ана. Экран арқылы  балаларының анасы жайлы ой – пікірін  тыңдалды.   Инабатты да, еңбекқор, табиғатынан зиялы , кез –келген қиындыққа төтеп бере алатын кітапханашылардың игілікті істері қоғамға әрдайым қажеттігін айта отырып, осы салада 35 жыл еңбек етіп келе жатқан Алма Жақсылыққызы бүгінгі ұрпаққа, жас кітапханашыларға үлгі ретінде кітапхана туын  жас кітапханашы Әсем Қабдуалиқызына табыстап, жас кітапхпнашыларға өзінің жүрек жарды тілегін білдірді.
Іс- шара барысында ән мен шашу –шашылып, ақындардың кітапхана мамандығына арналған өлеңдері,  сонымен қатар Сүгірбай Абдіхамитұлы өзінің сүйген жарына арнап арнау өлеңнің оқыды, слайдтар дайындалды.
Кітапханалық бенефисті оқу залының меңгерушісі Құсайын Дәмет
Есенжолқызының басшылығымен өтілді.
                                           23.10.14


Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска