«Жүрегімнің жыры сенсің!»

                                                         Құрметті оқырман қауым !
    Биыл  қаламыздың 60 жылдығын  атап өткелі отырмыз. Осыған орай қала күніне Облыстық №2 ғылыми әмбебап кітапханасының  халыққа қызмет көрсету бөлімі  «Жүрегімнің жыры сенсің!» атты кітап  көрмесін ұсынады.
Ұйымдастырушылардың мақсаты : тұрғындарға қала туралы, оның сұлулығы мен тыныс-тіршілігі, халқы жайлы айту, сондай-ақ, жас ұрпақтың бойында елімізге деген патриоттық және сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу болып табылады.
Көрме 5 бөлімнен тұрады.
І-бөлім. Тарихы терең қазыналы өлке.
ІІ-бөлім. Ұлы баба есімі – ұрпаққа мұра.
ІІІ-бөлім. Халқым деп соққан жүрегі.
ІV-бөлім. Өнері мен өрісі биік жандар.
V-бөлім. Арқалығым – шалқар жырым
Қорғалдың қанатымен бабалардың,
Құрметпен қарау керек саған әркім.
Тыңынан текті Торғай туған қала,
Аңсаған азат күнім – Арқалығым, - деп,
 Мұрат ағамыз жырлағандай көрмеге 50-ден  аса кітап қойылды.
Міне, Арқалық - ақындарымыздың жырына айналса, кейінгі ұрпақ жастардың – сыйынар піріне айналсын.
       Қадірменді қала тұрғындары! Арайлы Арқалығымыздың 60 жылдығына арналған кітап көрмесіне келіңіздер! Көрмеден қаламыздың тарихы, қаламыздың құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері, соғыс ардагерлері, ақын-жазушылар, жас ақындар туралы толық мағлұмат ала аласыздар.
  Келіңіздер! Алыңыздар! Оқыңыздар!
Абонемент бөлімі         

   Исабекова Л. Б                

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска