«Ұлыны ұлықтау – ұлттық парыз»

13.02.2019.
«Ұлыны ұлықтау – ұлттық парыз»
        Ұлы режиссер, театр және кино әртісі Шәкен Аймановты өскелен ұрпаққа таныстыру, еңбектерін насихаттау мақсатында  облыстық № 2 әмбебап-ғылыми кітапхананың өнер бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлыны ұлықтау – ұлттық парыз» тақырыбында портреттік кеш өтті.
         Аталмыш шара қаладағы Арқалық политехникалық колледжінің № 1 жатақхана ғимаратында өтті. Өнер жанашырының өмірдерегі, туған жері мен ата-анасы сөз болды. Одан әрі шығармашылығына кеңінен тоқталдық. Шәкен Аймановтың алғашқы сомдаған рөлдері, кинодағы образдары айтылып, режиссерлік  қыры оқырманға таныстырылды.
         Шәкен Аймановтың атақты туындысы «Атаманның ақыры» фильмін басынан-аяғына дейін тамашаладық. Киноға түскен әртістер туралы да ақпарат берілді.
         Арнайы әзірленген кітап көрмесіне тоқталып, көпшілікке таныстырылды. Көрмеде Шәкен Аймановқа арналған әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға жарияланған деректерді табуға болады.
         Кешке жатақхана жастары, колледж мұғалімдері мен тәрбиешілері қатысты.
         Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті. Ал мақсат – жастарға режиссер, актер Шәкен Аймановты таныстырып, еңбектерін насихаттау мен патриоттық тәрбие беру.



13.02.2019.
«Ұлыны ұлықтау – ұлттық парыз».
         Известному казахскому артисту, режиссеру Шакену Айманову 15 февраля исполняется 105 лет. В преддверии этого события, отделом искусства областной универсальной библиотеки № 2 был проведен вечер «Ұлыны ұлықтау – ұлттық парыз».
         Мероприятие прошло в общежитие № 1 Аркалыкского политехнического колледжа. В начале был разговор о жизни и творчестве великого артиста. Читатели поближе познакомились с родителями, с малой Родиной и соратниками  талантливого режиссера.
         Всеобщему вниманию была представлена книжная выставка, посвященная творчеству знаменитого казахского артиста.
         В конце вечера был показан двухсерийный художественный фильм «Конец атамана».  Это последняя работа режиссера Шакена Айманова.
         Вечер прошел на высоком уровне и достиг своей цели. А цель мероприятия – пропаганда творчества великих казахов, патриотическое воспитание нашей молодежи.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска