«Шын асылдың шырағы»


«Шын асылдың шырағы»  

Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханамызда  2018 жылы 12 желтоқсан күні, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, екі мәрте Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің төрағасы болып сайланған халықтың қалаулысы Орал Байғонысұлы Мұхамеджановтың 70 жылдығына  арналған  «Шын асылдың шырағы»  атты портрет кеші болды. Кештің мақсаты: Орал Байғонысұлы Мұхамеджановтың туған жері және қызмет еткен жылдары туралы материалдары мен кітаптарымен танысу.

 Бұл кешімізге  Н. Құлжанова атындағы гуманитарлық колледжінің 1- курс студенттері  мен  кітапхана қызметкерлері  қатынасты. Кеш қонақтары Орал Байғонысұлы Мұхамеджановбен қызметтес, сыйлас, аралас-құралас болған достары, бірі ағасы болса, бірі інісі болып араласқан Арқалық қаласының Құрметті азаматтары:  Алматов Орекен ата мен Ақан Кәки ата және Юлия Юстинова   шақырылды. Олар О. Мұхамбетжановпен қызметтес, дәмдес болғандарын, ол кісінің қызықты әңгімелері жайлы сыр шертті.
Келген қонақтар мен студенттерге Орал Байғонысұлы Мұхамеджановқа  арналған «Халқым деп соққан жүрегі», «Адам,тұлға, азамат», «Бекзат болмыс» атты кітаптарды таныстырып айтылды.
«Жақсының сөзі мен ісі ешқашан көңілден көшпейді, өмірден өшпейді», -  дейді дана халқымыз. Келместің кемесіне мініп, қайтпас сапарға аттанып кеткенімен, жайсаң жандардың асыл бейнесі көз ұшындағы көгілдір сағымға малынып, алыстан сағындыра елжіреп тұрғандай болады.
Туған халқының жүрегіне жерленген Орал секілді тұлғалар ешқашан да ұмытылмайды. Жатқан жерің мәңгі жарық болсын, ұлттың ұлы! 





Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска