«Аналар-асыл жандар»

                                      
«Аналар-асыл жандар»

«Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен» дейді қазақ халқы.  Қандай теңеу айтсаң да, әйел заты үшін бәрі жарасымды.  Себебі әйел - өмірдің ажары, көңілдің базары.  Сондықтан да қазақ халқы аналарға ерекше тағзым жасап,  күллі мұсылман әлемі жұмақты ана табанының астында деп санаған. Олай болса, анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп, қадірлеп сыйлай білуге үйрету, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар-асыл жандар» атты мерекелік іс – шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға Арқалық қаласы Ішкі істер басқармасы, жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Байдосова Еркегүл  Теміржанқызы мен Н.Құлжанова атындағы гуманитарлық колледжінің  3-курс студенттері қатысты. Мерекелік кеш барысында әннен шашу шашып, ана жайлы ақындарымыздың жырларын нақышына келтіріп, өлеңдер оқылып, мақал-мәтелдер жарысы болды. Кітапхана директоры Бөрібаева Қазына Байсалбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, қонағымызға сый-сыйап табыстады. «Өмірдің гүлі, әлемнің нұры -  әйелдер!» деген кітап көрмесі қойылып, оқырмандарға таныстырылды.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска