«Даңқың дәуірлей берсін, Абай дана!»


05. 02. 2020.
«Даңқың дәуірлей берсін, Абай дана!»
Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасында  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған « Даңқың дәуірлей берсін, Абай дана!» тақырыбында жылдық кітап көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
         Іс-шараға қаламыздың қадірменді азаматтары, мәдениет жанашырлары, қалалық «Қазына» ардагерлер ұжымының мүшелері, қалалық теледидар, қалалық газет, облыстық «Қостанай таңы» газетінің меншікті журналистері мен редакторлары арнайы шақырылды. Бұдан бөлек, Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері, Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясының ұстаздары мен оқушылары, №1 Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің оқушылары және қаладағы Родина орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары қатысты.
         Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлы туралы кіріспе сөз жыршы, термеші, зейнеткер ұстаз Қазымбек Қуанышбай Қабенұлына берілді. Өз сөзінде, ол кісі жиналған қауымды осындай мерекемен құттықтап, әйгілі ақынның даналығын, көсемдігін, білімділігін, жаңашылдығын, дүниетанымын тілге тиек етті. Одан әрі, өнер бөлімінің меңгерушісі, Әлия Қарсақбайқызы, көрменің ашылуын хабарлап, тұсау кесер рәсімі жыршы-термеші, ардагер-ұстаз Қуанышбай Қабенұлы мен қалалық мәдениет сарайының басшысы Жұмабаева Алмагүл Сейітжанқызына  берілді. Көрменің бірінші бөлімі «Ұлы даланың – Ұлы Абайы» деп аталады. Абайдың туған жері, әке-шешесі, әжесі, қасиетті Семей топырағы, Жидебай өңірі туралы кеңінен ақпарат берілді. Екінші «Мәңгілік өлмес мұра» бөлімінде Абайдың дүниетанымы, философиялық құндылықтары, зерттеу жұмыстары, әйгілі шәкірттері мен ізбасарлары, абайтанушылардың жазбалары, суретшілердің алғашқы еңбектері жинақталған. Үшінші бөлім «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» деп аталады. Бұл жерде дана Абайдың әдеби шығармалары, роман-эпопеясы, тәрбие, адамгершілік, ұлттық сана, сезім, дәстүрге толы қара сөздері топтастырылған.  Төртінші «Қазақ музыкасының ғұламасы» бөлімінде хәкім Абайдың музыкалық қыры, композиторлық шығармалары, ән, романс, опералары насихатталды. Абайдың әндері ноталарымен, бөлім қорындағы дискілер де көрмеге қойылған. Көрменің әр бөліміне бөлек-бөлек шолу жасалып, ұлы Абайдың есімі ардақталды. Әр бөлімге саяхат жасағаннан кейін, қала мектептерінен келген оқушылардың орындауында Абай атамыздың әндерін, республикалық «Абай оқуларының» 2 орын иегері Нұрсұлу Орынбаеваның орындауында Абай Құнанбайұлының бірнеше өлеңдерін тыңдадық. Бұдан бөлек, кітапхананың 3 қабатында № 6 мектеп-гимназия оқушыларының Абай өлеңдеріндегі жыл мезгілдеріне байланысты жасалған үлкен қолөнер көрмесі қойылды. 
         Кеш соңында, құрметті қонақтарға сөз беріліп, жастарға бата, тілек айтылды. Көрменің тұсаукесері кітапханашы Әлия Қарсақбайқызының орындауында ұлы Абайдың 20-шы қара сөзімен қортындыланды. Көрме жыл бойы, оқырмандарға қызмет көрсететіні тағы бір мәрте айтылды. 



Торжественное открытие выставки к 175-летию Абая Кунанбайулы провели сотрудники сектора искусства.
         В литературе каждого народа мира есть центральная фигура, писатель или поэт, чье творчество на протяжении веков является признанной классикой и входит в национальный культурный код. Абай – признанный всем миром мудрый учитель, поэт и гений человечества.
         Целью данного мероприятия  является популяризация произведений великого поэта казахского народа Абая Кунанбаева, оставившего неизгладимый след в истории казахской литературы, творчество которого стало бесценным наследием для современных и будущих поколений.    
На книжной выставке из фонда нашей библиотеки были представлены материалы о жизни и творчестве Абая, его лирические стихи и поэмы, переводы его произведений, музыкальное наследие,  а также публикации казахских ученых.
         Большинство посетителей мероприятия проявили большой интерес к книжной выставке, а это студенты  Торгайского гуманитарного колледжа, учителя и учащиеся школ города, а также конкурсантка республиканского конкурса «Абай оқуларының» Нұрсұлу Орынбаева прочитала стихи Абая Кунанбаева и передали поэтическую эстафету студентам других учебных заведений города. Всего присутсвовали 37 человек.






Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска