Адалдық – амандықтың кепілі


Адалдық – амандықтың кепілі
                                                                Пікір-талас

                                 Талданатын сұрақтар:

«Адалдықтың қоғамдағы орыны»  -  Айтаңсық Солтаншәріпқызы.
«Амандық тәрбиесіне жастар көз қарасы» - Айдана Жанысбекқызы
«Амандық адалдықтың кепілі» - Тамирис Мусалиева


  І. «Адалдықтың қоғамдағы орны».
Айтаңсық  Солтаншәріпқызы:.
Адалдық  – адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана-сезіміне, арұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін көздейтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-әрекеттер. Әрбір қоғамның  Адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Қарапайым халық әрқашан да адалдық қасиетін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады.  «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы  өнерлі – қазақтың әулиесі сол», - дейді Абай. Адалдық адамның жеке басы  мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Адалдық жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арттыратын ізгі қасиет.
 ІІ. «Амандық тәрбиесіне жастар көз қарасы»
Аидана  Жанысбекқызы:
 «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез
деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрсеменен оздым ғой  демекпін бәрі де – ақымақтық»  екенін ескерткен бір данышпан.
Ал, адалдық, адамгершілік, әдеп, адамшылық – амандасудан басталады.
Адам баласының  рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі – сәлемдесу.  Оның шарапаты мен кереметі сонда – адамзат әдебінің қалыптасуында, жұмыр басты пенделердің бір-біріне жылы мейірмен  кең пейіл көрсетуінде, достықты, өзара жақындықты бейнелеуде аса зор маңызға ие. Адал болсаң алдың жарық болады деген. Әр адам өзі үшін жауап беріп, ортада өзін адал ұстаса, ешкім зиян шекпейді. Қоғамды өзгертетін адам. Сондықтан қоғамдағы құбылыстар адаммен тығыз қатынаста. Әр адам өз ісіне адал, мығым болса еш жамандық, теріс қылықтар  болмас еді.
ІІІ. «Амандық – адалдықтың кепілі»
Тамирис Мусалиева:
Әр ел дәстүрінде сәлемдесу әр ыңғайда орындалып, әр тілде айтылса да – мұндағы ізгі мақсат біреу – бір-бірінің аман-есендігін білу, өздерінің аман-сау кездесіп тұрғанына ризалық білдіру.
Сәлем – арабтың тыныштық, бейбітшілік мағынасындағы ас-салам сөзінің тілімізде фонетикалық өзгеріске түсіп, қалыптасқан түрі.  Сәлемдесу – тұңғыш рет немесе араға белгілі бір уақыт салып, кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз, ишара не дене қимылы арқылы бір-біріне жақындақ ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай танытуы. «Сәлем – сөздің басы» делінетіні де сондықтан. Тегінде, әдеп, адалдық, адамшылық – амандасудан басталады. Сәлемдесудің мәні, ең алдымен, бетпе-бет ұшырасқан сәтте, болатын тоң-торыс үнсіздік, «ыңғайсыздық» пен жатырқаушылық, салқындық кедергісін жойып, бір-бірінің кейіп-кескінін тану, болмысын байқау,  өзіне деген көңіл ауғанын білу және тілек арқылы өзінің қалауын (ниетін) ұқтыру; бір-бірінің  аман-саулығын сұрасу, өздерінің аман-есен  дидарласып тұрғандарына қуаныш, шүкіршілігін жасау, ниеттерінің ақ-адал, таза екенін білдіруі. Орта Азиядағы туысқан түркі халықтары, барлық мұсылман елдеріндегідей, «Ассалаумағалейкум» деген араб сөзімен  амандасады, оның мағнасы «Сізге тыныштық тілеймін» дегенді білдіреді.  Оған жауап, яғнисәлемді алу ретінде айтылатын «Уағалайкумассалам» - «Сізге де  тыныштық тілеймін» деген сөз.
Әркім кіммен, қай жерде, қандай жағдайда жолығып тұрғанынан жаңылмай, өзінің тәрбие деңгейіне қарай барынша сыпайы, әдепті сәлемдесіп үйренгені абзал. Сәлем беру - өткінші міндет емес, өмірлік міндет. Олай болса, жас дос, айналаңдағы адамдармен сәлемдесіп жүруді ешқашан да есіңнен шығарма! Ол сенің адамшылығың, һәм азаматтық парызың!


Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска