«Терроризм тамыры қайда?»
Бүгінгі таңда қауіпті ауқымда қатерлі
салдар тудыратын деңгейге жеткен терроризм саяси- құқықтық құбылыс ретінде
ғаламдық күрмеуі
қиын мәселеге айналды. Адамзат
оған екі ғасырдың тоғысында кезікті.
Осы орайда облыстық №2 облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасының халыққа қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен
осы тақырыпта оқырмандармен пікірталас ұйымдастырылды..
Мақсаты: Жастарға «терроризм» және
өзге ағымдар жайлы айтып түсіндіру.

Пікірталас осы сұрақ- жауап қоюмен
талданып, жастар оз ойларын ортаға салды.
Арқалық қаласында көпсалалы колледждің
ТО-18 және П-11 курсының студенттері
қатынасып отырды.
Яғни, «терроризм» дегеніміз- өзге дін өкілдерінің
теріс бағыттағы іс- әрекеттері. Теріс діни ағымдар уағызы- заңсыз уағыз екенін
жастар өздері айтып түіндірді.
Біздің ислам дінінде зорлық-зомбылық жоқ,
дінді күшпен мойындау деген жоқ. Ислам діні сенім бостандығының кепілі екенін
жастар мойындайтындарын дәлелдеді.
Терроризмге бір ғана өрескел
күшпен жеңеміздеу адамзатты қырып- жою деген сөз.Жұдырық толық жеткізбейді,
оған ақыл, ынтымақ керек.
Сондықтан да, ылайым, дінімізге
тыныштық, халқымызға амандық тілейік! Ел іргесі бүтін, ауызбіршілігіміз мықты
болсын!
Пікірталасты ұйымдастырып, жүргізген
Зайра Сансызбайқызы.
Комментариев нет:
Отправить комментарий