Жасампаз елдің жастары


13.02.2019
Жасампаз елдің жастары
 «Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар.
Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер,
Қазақстан сол деңгейде болады»
 Н.Назарбаев

Жастар – еліміздің ертеңі, келешегіміздің негізі. Білімді де белсенді жастар – Мәңгілік елдің болашағы. Отанымыздың болашағын баянды етіп, аға буын салып кеткен сара жолды жалғастыратын – жігерлі жастар!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  2018 жылы 5 қазанда «Қазақстандықтардың өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халқына арнаған Жолдауында  2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынған болатын. Осыған орай, 2019 жылы 13-ақпанда облыстық №2 ғылыми әмбебеп кітапханасында оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен  «Жасампаз елдің жастары» атты дивертисмент кеші өткізілді. Мақсаты, Елбасымыздың  халыққа Жолдауымен таныстыру. Жастар жылына байланысты құрылған  «Жастар – ұлттың басты капиталы» атты тұрақты көрмеге шолу жасау. Оқырмандардың кітапқа  деген сүйіспеншілігін арттырып,  рухани байлығын дамытуға, жастарды патриоттыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. Кеш 2 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім «Жастар – ұлттың басты капиталы» атты тұрақты көрменің тұсау кесер рәсіміне арналса, екінші бөлімі Арқалық қаласының 2018 жылы «Алтын кітапқа» енген жастарына арналды.

Кешімізге қаламыздың құрметті азаматы, қолөнер шебері, өлкетанушы, Байдилдин Шөптібай, Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Исмайлова Көркем Хамитбекқызы, Жастар ресурстық орталығының директоры Ахметжанов Амангелді Серікұлы және Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің педагогика, психология пәндерінің оқытушысы Шәкіров Бауыржан Асқарұлы қонақ ретінде шақырылды.

Көрменің тұсау кесер рәсімін Байділдин Шөптібай ағамыз бен 2018 жылы қалалық «Алтын кітапқа» есімі кірген Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның 11 сынып оқушысы  Жұмабекова Гүлім Ғалымжанқызы орындады. Сонымен қатар, қаламыздың «Алтын кітапқа» енген жастары таныстырылып, жастарға өз жүрекжарды тілектерін білдірді.

Кешімізді Қапан Олжас, Қощанов Абай, Жұмабекова Гүлім және Дихан Бақнұр әсем әндерімен әрлеп, қонақтардың көңілдерін бір серпілтті.

Жастар жылына арналған жасампаз жастарға жігер сыйлаған жақсы кеш болды.

Молодежь – стратегический курс Казахстана
2019 год объявлен годом молодежи. Это говорит о том, что государством уделяется огромное внимание молодому поколению, принимаются различные государственные программы, направленные на обеспечение благополучия и развития молодежи.

13 феврвля в читальном зале ОУНБ № 2 состоялась TED- встреча «Жасампаз елдің жастары». В рамках TED- встречи прошла презентация книжной выставки «Жастар – ұлттың басты капиталы / Молодежь – стратегический курс Казахстана». На открытии присутствовали почетный гражданин города, мастер прикладного искусства, краевед Байдилдин Шөптібай, ведущий специалист городского отдела культуры и развитию языков Исмайлова Көркем Хамитбекқызы, директор Молодежного ресурсного центра Ахметжанов Амангелді Серікұлы, а также педагог Торғайского гуманитарного колледжа имени Н. Құлжановой  Шәкіров Бауыржан Асқарұлы.

Сотрудники библиотеки рассказали собравшимся, что 2019 год указом Главы государства Н.А. Назарбаевым посвящен молодому поколению страны – молодежи, которой предстоит продолжить эстафету созидательных дел старшего поколения и обеспечить своей стране процветание и признание.  На выставке представлена самая разнообразная литература о молодежи: книги, статьи из журналов и газет, иллюстративный материал и художественная литература современных молодых авторов. Выставка будет работать в течение года.

Байдилдин Шөптібай сказал, что патриотизм, образованность, профессионализм, конкурентоспособность, социальная и гражданская ответственность – вот главные черты современного молодого поколения. И каждый должен включиться в реализацию инициативы Главы государства, в первую очередь для себя, чтобы быть гражданином процветающего, современного, сильного государства.

Вторая часть TED- встречи-эта знакомство с представителями молодежи города, имена которых включены в «Золотую книгу молодежи Аркалыка». Они  рассказали о своих начинаниях и идеях, о своих достижениях в столь молодом возрасте и что они делали на благо родины. Такие встречи помогут молодым людям поверить в собственные силы и не плыть по течению жизни, а самим строить своё будущее, - заключили участники встречи.






Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска