Тәуелсіздік – елімнің сан ғасырлық арманы


Тәуелсіздік – елімнің сан ғасырлық арманы


Тәуелсіздік – елімнің сан ғасырлық арманы
       Осындай тарихы терең тақырыппен  13-желтоқсан күні облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының №1 студенттер жатақханасында ауқымды іс-шара өткізілді. Іс-шараға осы шаңырақтың студенттері ат салысты.
Мақсаты, оқырмандарды Отансүйгіштікке, бабаларымыздың ерліктерін ұлағаттауға, келешек ұрпаққа жеткізуге, адамгершілігі мол намысшыл болуға тәрбиелеу болып табылды.
        Тәуелсіздік мерекесі қазақ үшін ерекше. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз армандаған бақытты күндерге қол жеткіздік. Іс-шара барысында желтоқсан оқиғасынан көрініс көрсетілді. Көрініске Джамағұл Жамбыл, Құдайберген Нұрғиса, Керімбай Ораз, Бейбіт Қуаныш, Сержан Сейтжандар қатысып, бойындағы бар өнерлерін паш етіп, көрермендерді тебірентіп жіберді. Сонымен қатар,  Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын деп, Ерболат Елай мен Тұрысбек Нұртөре де әуелетіп әндерін  шырқады, мың бұралған бишілер Марат Меруерт, Ақжібек Кәрім, Сымбат Амантай, Нұрхан Зинаурайын, Гүлбанат Сакеевалар да өз өнерлерін көрсетті. Сан ғасырлық арманымыз болған Тәуелсіздік күніне арнап  Шамшат Тұрсынова, Айару Мырзатай, Айдана Баратова, Мұқағали Нысанбай сынды қыз жігіттеріміз Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арнап өз шығармашылықтары мен  жүрекжарды өлеңдерін  оқып, патриоттық сезім ұялата білді. Осы студенттерді іс-шараға қатысуына себеп болған жатақхана тәрбиешісі Исмайлова Сымбат Нұрлан қызына алғысымыз шексіз.
      Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сезім де «Мәңгілік ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу. Оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп табыстау деген сөз. Ендеше, Мәңгілік еліміз өркендеп, қарыштай берсін ағайын!


 






Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска