«Үйінде ұл – қызы бардың көгінде сөңбес жұлдызы бар»

                     «Үйінде ұл – қызы бардың көгінде сөңбес  жұлдызы бар» 
 «Өмірде ең қымбат не ?» - десен «Отбасы» деп айтуға болады. Олай болса, Отбасы күніне орай «Үйінде ұл – қызы бардың көгінде сөңбес  жұлдызы бар» деген тақырыпта оқу залының меңгерушісі  Құсайын Дәмет Есенжолқызының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел басында пікірлесу кеші өтілді.Кешімізге ұрпағына ұлттың төл тәрбиесін сепкен, тамаша ұл – қыз тәрбиелеп отырған аналар  Қалтайова Бақытжамал, Нұрғалиева Күлайхан, Жақыпбекова Қарлығаш, Молдахметова Орынкүл, Нұрманова Алма қатысып оқырмандармен мынандай сұрақтар бойынша ой бөлісті:
     Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не?
     Өзіңізді бұрын ата – аналарыңыз  қалай тәрбиелейтін еді ? Қазіргі уақыттағы бала мен сіздердің уақыттарыңыздағы баланың айырмашылығы қандай ?
     Отбасында бала тәрбиесіне қалай ықпал жасайсыз, ақпараттық  құралдардан, теледидардан бала тәрбиесіне қатысты мәселелерге назар аударасыз ба?
     Бала бойындағы жат қылықтардың, жағымсыз қасиеттердің пайда болуын ата –ана көбіне мектеп тәрбиесіне аудара салуы дұрыс па?
       Қайтсек ұлымыз ұлағатты, қызымыз  инабатты болады?
 Сонымен қатар « Қалай жақсы ата – ана болу керек ? » Бала тәрбиесіне қатысты ата – аналарға арналған жаднама таныстырылып, әрқайсына табыс етіліп,  сергіту сәттері, «Шуақты шанырақ шаттығы» кітап көрмесіне шолу жасалды. Серікова Нұргүл «Аман болсын аналар» жүрек жарды өлеңін оқып, Сығаева Зайра әннен шашу шашты.

  Кеш соңында оқырмандар оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамын» жүргізе отырып бір – бірімізге деген ақ тілек айта отырып кешімізді аяқтадық.


 

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска