«Киелі жерім, қасиетті елім»

Арқалық қаласының 62 жылдық мерекесіне орай облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасында «Киелі жерім, қасиетті елім» атты тақырыбымен «Кітапханадағы түн-2018» әлеуметтік-мәдени акциясы өтті.
           Шараның негізгі мақсаты-кітап оқуды адам өмірінің бос уақытында өзіне серік етіп, жаңаша бағытта танымдық-интеллектуалдық бағдарламаларға қатысып, тиімді өткізуге оқырмандарды тарту болып табылады.
      Кітап сүйер қауымды жинаған қызықты да думанды шараның тағылымдық мәні зор болды.Акция барысында оқу залында «Туған өлкем- арайлы Арқалық» атты өлкетану кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында бейнежазбадан Арқалықтың тарихы туралы айтылып,  қаламыздың КВН командасы Ару.KZ қыздары қонақта болды. Олар библиотүн қонақтарына өз өнерлерін көрсетті.
Сонымен қатар, іс-шаралар «Рухани байлық алаңы» бөлмесінде жалғастырылды. Онда «Жаңа жазу –даму жолы» атты  библиокешинг ұйымдастырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша латын қарпімен жазылған кітаптардың атын  дұрыс оқу мақсатында  ойын жүргізілді. Және де «Жазушыны таны да, сыйлығыңды ал» тақырыбында туған өлкеміздің ақын-жазушыларының суреттерін тану арқылы викториналық сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтарын алды. Библиотүн қонақтарын қызықтыру мақсатында «Өзіңді таны» атты қызықты психологиялық  тест- студиосы жұмыс жасады.  Келген әр оқырмандардың таңдау жасаған суреттеріне байланысты өз мінез-қылықтарын біліп, әрбір оқырманды қызықтыра білді.
Кітапхана түніне келген қыз-келіншектерді  «Бәрінен де сен сұлу» шеберлік орталығы құшақ жая қарсы алып, беттерін «Merykay» косметикасымен әрлендірді. 
«Кітапхана түні» акциясында кітапхана­шылар  ұйымшылдықпен, зор еңбекпен жұмыстарын атқарып, оқырмандар ризашылықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты. 






Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска