« Шоқан әлемінің ғибрат»

« Шоқан әлемінің ғибрат»
                                             библио-демонстрация

Ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың өмір тарихын, қысқа да саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беру, саяхаттары мен зерттеулерін таныстыру. Елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан ету, үлгі ету. Шоқанды тану арқылы ұлттық сана мен патриотизмге, рухани білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу мақсатында
Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл арналған « Шоқан әлемінің ғибрат» деген тақырыпта библио-демонстрация өтілді.
 Кітап көрмесі құрылып, слайдтар, бейне роликтер, фото суреттер дайындалды. Көрме үш бөлім бойынша құрылды.
 1-бөлім.  Найзағадай жарық еткен жасың - ғұмыр.
 2-бөлім.  Шоқан - еңбектері асыл мұра.
   3-бөлім.  Шапағаты нүр құйған жүректерге
    Шоқан өмірі мен шығармашылығы жайында жазылған
С. Мұқановтың "Аққан жұлдызына", зерттеші, жазушы Жарылқап Бейсенбайұлының "Шоқан ізімен", "Жасын тағдыр жарқылы" , "Шоқан" деп аталатын  ғұмырнамалық деректі хикаяты "Тамаша адамдар өмірі" сериясымен қазақ,орыс тілдерінде жарық көрген Ирина Стрелкованың кітабы шоқантануға қосылған аса бағалы үлес екені даусыз.
 " Жоңғария очерктері" , "Қытай империясының батыс провенциясы" және "Құлжа қаласы", "Қырғызстан туралы жазбалар", "Ыстықкөл сапарының күнделіктері", "Қазақ поэзиясының түрлері" деген еңбектерін оқырмандарға шолу жасалды.
Дайындап өткізген Шагирова Әсел


                                                                          10.09.2015.


Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска