Азаттық үшін алысқан Алаш

  ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ даласындағы күрделі қоғамдық-әлеуметтік жағдайды өз шығармаларында айқын танытқан сөз шеберінің бірегейі, азатшыл әдебиеттің аса көрнекті өкілі ретінде қазақ әдебиеті тарихынан өз орын ойып алатын тұғырлы тұлға – жазушы Міржақып Дулатұлының 130 жылдығына арналған «Азаттық үшін алысқан Алаш» реквием кеші өтті.
Реквием кешімізге Арқалық қаласындағы медициналық колледжінің 1 курс студентттері қатысты.
   Ақынның өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат бере берілсе, қоғам тарихындағы, халық тағдырын, ел еркіндігін аңсаған, сол үшін ғұмырын арнаған ақынның өлеңдерін Бөлтірікова Назгүл, Соқабай Жанерке, Ембергенова Аружан нақышына келтіріп оқыды. М. Дулатұлына арналған ақындарымыздың жыр жолдарын Байғабыл Назерке, Қабдырахим Гүлнафия, Болат Ақмарал тарту етті. Жазушының өмірі жайында арнайы слайд дайындалып, Міржақып қызы Гүлнар апамыздың әкесі жайлы естелігі экран арқылы көрсетілді. Кеш соңында жазушының кітаптарына шолу жасалынды.
Бұл іс-шараны ұйымдастырған Ақшалова Ұлтуған Болғанбайқызы.
28.10.2015 ж.



Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска