«Отбасы-
шағын мемлекет»
Отбасы
деген киелі,
Әр
шаңырақтың тірегі.
Берік
болған махаббат,
Әрбір
жанның тілегі.
Отан
құралар отбасынан
Ұрпағына
ұқтыр жас басынан.
Отаның
тұғырлығын тілесең,
Отбасыңды
нықта басынан.

Көрменің
мақсаты: Оқырмандарға отбасының қоғамдағы алатын орны, отбасы мүшелерінің
жауапкершілігі туралы терең ұғындыра отырып, бірлігі жарасқан жанұя мен дұрыс
қалыптасқан тұлғаның мемлекет дамуына қосатын үлесін, Отанына деген
сүйіспеншілік алдымен жанұяда ата-ана ықпалымен сіңіріліп, бала дамуына маңызды
әсер ететінін түсіндіру.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық,
достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Көрмеде барлык отбасына
байланысты кітаптар мен газет басылымдары койылды. Ең қызықтысы тілек ағашы
қойылып, әр келген қонақтар мен студенттер өздерінің жүрек жарды тілектерін
жазып ағашқа іліп қойды.
Отбасы табиғат сыйлаған кереметтердің
бірі, мәдениеттілік пен тәрбие отбасының алғашқы қадамы.
Қара шаңырақтың арқа сүйері,
ақылшысы – әкеміз болса, қамқоршымыз анамыз болады. «Әке асқар тау,ана
етегіндегі бұлақ» деп тегін айтпаған ғой.
Отбасының жемісі деп тәрбиелі
ұл мен қызы дегендей, сондықтан да мақтан етер ұлдарымыз көбейсін. Ұрпағына
мақтаныш болар қазыналы қарттарымыз көп болғай.
Қазақтың әр шаңырағы берік, керегесі кең, еліміз аман,
жұртымыз тыныш болсын!
Комментариев нет:
Отправить комментарий