«Кітапхананың мәдениаралық және кәсіби байланысының дамуы» аймақтық зерделі кеңестің Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы

       Облыстық № 2  әмбебап ғылыми кітапханасы
                       Әдістеме-библиография бөлімі









«Кітапхананың мәдениаралық және кәсіби байланысының дамуы»

аймақтық зерделі кеңестің
БАҒДАРЛАМАСЫ



Арқалық, 2015




 БЕКІТЕМІН


 Арқалық қаласындағы
№ 2 ОӘҒК директоры

                                                                                       ________А.Ж.Нұрманова
                                                                                       
                                                                           «25» _ 06 _2015жыл                       

«Кітапхананың мәдениаралық және кәсіби байланысының дамуы»
аймақтық зерделі кеңестің
Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы
Өткізілетін орны:  Арқалық қаласы. Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы. Оқу залы. 3 қабат
Өткізілетін уақыты: 25 маусым 2015 жыл.
Зерделі кеңестің мақсаты:  
·        Қазіргі ақпараттық қоғамда кітапхананың алар орнын айқындау
·        Кітапхананың алға қойған міндеттерін мүлтіксіз атқаруда басқа барлық мекемелері мен ұйымдар арасындағы мәдени байланысты нығайта түсу
·        Кітапханашылардың ұлттық рухын биіктетіп, мәдениеттілігімен ой-өрісінің дамуына ықпал жасауға бағыттау
Модератор:   № 2 ОӘҒК директоры А.Ж. Нұрманова

1
09.00-09.30
Зерделі кеңеске қатысушыларды тіркеу
2
09.30-09.50
Зерделі кеңестің ашылуы.
Қатысушыларды құттықтау.
Мәметеков Есламбек Жеңісұлы
Арқалық қаласы әкімінің орынбасары
Алматова Сандуғаш Өрекенқызы
Қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
3
09.50-10.10
«Шекарасыз кітапхана: серіктестік пен ынтымақтастық»
Нұрманова Алма Жақсылыққызы
Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының директоры
5
10.10-10.20
«Мәдениаралық және ұлтаралық байланыс ассамблеяның алғы шарты»
 Ғапбасов Жәнібек Ғапбасұлы
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі
4
10.20-10.30
«Этномәдени бірлестік – қаладағы ұлтаралық келісімнің негізі» Пыхтина Зинаида Абрамовна – қаладағы «Видергебург» неміс бірлестігінің төрайымы
5
10.30-10.40
«Мәдениет – ақпараттандырудан серіктестікке»
Алматова Сандуғаш Өрекенқызы
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
6
10.40-10.50
«Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс - кітапхана өмірінің айнасы» Жүнісұлы Мұрат – «Қостанай таңы» газетінің меншікті тілшісі
7
10.50-11.00
«Рухани мұрасы мол ұлттың ұтары мол»
Аканова Алма Жамбылқызы
Облыстық дала өлкесі  тарихы мұражайының ғылыми қызметкер
8
11.10-11.20
С Е Р Г І Т У С Ә Т І
Ахметова Пернегүл Әлімқызы
Арқалық Мемлекеттік педогогикалық институтының педагогика-психология кафедрасының аға оқытушысы
9
11.20-11.30
«Кітапхана және жастардың рухани мәдениеті»
Ахметжанов Аманкелді Серікұлы – «Жастар бастамалар орталығы»-ның төрағасы
11
11.30-11.40
«Ақпараттық қоғамдағы кітапхана шектеулі мүмкіндікке шекарасыз қызмет түрі»
Есмағамбетова Сандуғаш Қазбекқызы –№2 ОӘҒК-ның  балалар әдебиеті бөлімінің меңгерушісі
12
11.40-12.00
С Е Р Г І Т У С Ә Т І
Ахметова Пернегүл Әлімқызы
Арқалық Мемлекеттік педогогикалық институтының педагогика-психология кафедрасының аға оқытушысы
13
12.00-13.00
Түскі үзіліс
14
13.00-13.30
«Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – Қазақ хандығы»
тұрақты кітап көрмесінің тұсау кесері
15
13.30-14.00
«Біз бірлескен кезде: ақпараттық қоғам жағдайындағы кітапхананың жаңа рөлі»
Дөңгелек үстел
16
14.00-14.15
Зерделі кеңестің жабылуы
  
Перевод

 «Развитие межкультурного и профессионального сотрудничества  библиотеки»

П Р О Г Р А М М А
регионального семинара-конференции

Место проведения:  Областная универсальная научная библиотека №2 в г. Аркалык. Читальный зал. 3 этаж

Время проведения: 25 июня 2015 года

Цель регионального семинара:  
·        определение роли библиотек в  информационном пространстве
·        усиление межкультурной связи в выполнении поставленных целей библиотеки и других учреждений и организации 
·        содействие повышению культурного и интеллектуального развития библиотекарей
·        Модератор:  директор ОУНБ № 2 А.Ж. Нурманова

1
09.00-09.30
Регистрация участников семинара
2
09.30-09.50
Открытие регионального семинара.
Поздравление участников.
Маметеков Есламбек Женисович
Заместитель акима города Аркалыка
Алматова Сандугаш Орекеновна
руководитель отдела культуры и развития языков акимата города
3
09.50-10.10
« Библиотека без границ: партнерство и сотрудничество»
Нурманова Алма Жаксылыковна
Директор областной универсальной научной библиотеки №2
5
10.10-10.20
«Межкультурная и межнациональная связь-главный атрибут Ассамблеи»
Гапбасов Жанибек Гапбасович
Член Ассамблеи народа Казахстана
4
10.20-10.30
«Этнокультурное объединение – основа межнационального согласия в  городе»
 Пыхтина Зинаида Абрамовна – председатель городского немецкого объединения «Видергебург»

5

10.30-10.40
«Культура – от информации к сотрудничеству»
Алматова Сандугаш Орекеновна
руководитель  отдела культуры и развития языков акимата города
6
10.40-10.50
«Связь со СМИ - зеркало жизни библиотеки» Жүнісұлы Мұрат –корреспондент газеты «Қостанай таны» 
7
10.50-11.00
«Достоинство нации - в богатом духовном наследии»
Аканова Алма Жамбыловна
Научный сотрудник областного музея истории Степного края

11.10-11.20
Р Е Л А К С -минутка
Ахметова Пернегуль Алимовна
Ст. преподаватель кафедры педагогики и психологии Аркалыкского государственного педагогического института им И.Алтынсарина
9
11.20-11.30
«Библиотека и духовная культура молодежи»
Ахметжанов Аманкелды Серикович –председатель «Центра молодежных инициатив»
11
11.30-11.40
«Безграничное библиотечное обслуживание людей с ограниченными возможностями»
Есмагамбетова Сандугаш Казбековна – заведующая отделом литературы для детей 
12
11.40-12.00
Р Е Л А К С -минутка
Ахметова Пернегуль Алимовна
Ст. преподаватель кафедры педагогики и психологии Аркалыкского государственного педагогического института им И.Алтынсарина
13
12.00-13.00
Обеденный перерыв
14
13.00-13.30
«Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – Қазақ хандығы»
презентация постоянной книжной выставки
14
13.30-14.00
«Когда мы вместе: новая роль библиотеки в информационном обществе»
Круглый стол
15
14.00-14.15
Закрытие семинара
 ___________________________________________________________


                        «Рухани мұрасы мол ұлттың ұтары мол»

             Мәдениет дегеніміз не?» — деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды
жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» — кала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениет адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. 
Елбасымыз Н. Назарбаев    «Адамзат тарихының күретамыры – мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры – адамзаттың ақыл-ойы мен іс-әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып табылады. Бұл бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың болмасын, өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі –мәдениеті.
Мәдениет –  ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен,  мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға  танылады», - деген еді.
Мәдениеттің өткені мен бүгінгісінен хабардар етіп, сол ұлттың, сол елдің тарихи, мәдени өміріне үлес қосқан тұлғаларды таныстыра, дәріптей отырып, өз ұрпағының бойына адамгершілік, патриоттық тқалыптастырып,дамытуға септігін тигізеді.Рухани мәдениеттің ордасы – мұражай мен кітапхана.
Адамзат ұрпағы басынан кешкен замандарды көз алдыңызға елестетіп, оны көңілге түйгіңіз келсе, жарқын болашаққа нық сеніммен ой жүгірткіңіз келсе, әрине, ең алдымен, мұражайға кіріп, ондағы жәдігерлердің сырына үңілудің маңызы зор. Ата-бабалардың өмірлерінде ұстап-тұтынған бұйымдарын таңдай қағып тамашалап, өткенге салауат айтып, қасиеті дарыған бабалар мұрасынан тағылым мен тәрбие нәрін алып шығатыныңыз анық.
Мұражайтабиғат пен адамзат қоғамының дамуы туралы білімнің алғашқы деректемесі материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін табиғат коллекциялары мен тарихи нұсқаларды жинақтау, сақтау, зерттеу, жәдігерлерін халыққа көрсетіп, насихаттау қызметін атқаратын ғылыми мекен. Мұражай жәдігерлері ғылым мен өндірістің алуан түрлі салаларын қамтиды.
«Мұражай – тарих, мұражай – шежіре. Мұражай – білім-ғылым. Сан-салалы өнер мен ғылым қоспасы – мұражай. Мәдениетті елдерде әрбір мұражайдың тарихы жазылып қатталады. Тіпті әрбір мұражайдың кезеңімен алмасып, жаңарып тұрар – экспозициясының тарихы шежіреленеді» деген көрнекті әдебиетші ғалым Құлбек Ергөбек  «Түркістан жинағы» атты кітабында.                                                           
Өркениетті мемлекеттердің көбісі өз мұражайларының сән-салтанатын арттыру арқылы әлемге есіктерін айқара ашып отырРасында да, мұражай ұлттық мәдениеттің кірер есігі, қара шаңырағы іспетті. Көне жәдігерлер мекенінің босағасынан аттаған қарапайым адамнан бастап, лауазымды тұлғалар болсын, мемлекет басшылары немесе шетелдік қонақтар елдің, халықтың бай құнарлы мәдениеті жөнінде түсінік алады. Мұражай тек құндылықтар сақтайтын қойма немесе сол құндылықтарды көрсететін көрме ғана емес. Ең алдымен, ол – ұлттық ғылыми-зерттеу мекемесі.  Себебі мұнда атқарылатын жұмыстардың дені – ғылыми-зерттеу еңбектерінің түрлі көріністері.
Өркениетті елдерде мұражайға, мәдениетке деген жалпыхалықтық махаббат айрықша. Сондықтан біз қазақ мәдениетін әлемге таныту үшін, алдымен, өз елімізде мәдениетке, рухани құндылықтарға деген құрмет пен білімді жоғарылатып, ғылыми негіздерге сүйеніп, жіті зерттегеніміз жөн. Егер барымызды бағалай білсек, бізде басқаға танытарлық байлығымыз жетерлік. Рухани байлыққа баға жетпейді.
Қаламыздағы бірден-бір мәдени ошақтардың бірі болып табылатын мұражайымыз 1972 жылы ашылғалы бері, сан түрлі археологиялық,  этнографиялық,  құнды заттар  мен фотосуреттерден тұратын жәдігерлер жинақталды.
Қазақстандағы жинақталған жәдігерлер саны 2 млн 700 мың шамасында болса, тарих пен тарихи құндылықтардың қайнар көзіне айналған біздің мұражай қорында 76мыңнан астам көне мүліктер жинақталған.
Мұражайлар өз міндетін ойдағыдай, табысты атқару үшін көптеген серіктестермен байланыста болады. Мұражайдан тыс мекемелермен байланыс жасау мұражай мүмкіндігін ұлғайта түседі және қоғамдағы орнын арттыра түседі. Биылғы жылдағы еліміз үшін елеулі даталардың бірі Қазақ хандығының 550 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамлеясының 20жылдығы аясында мұражайымыз осы уақытқа дейін бірнеше іс шаралар атқарды.Марат Қайсарбектің «Керейден Кеңесарыға дейін»деп аталатын дәрісі, «Бір шаңырақ астында»атты жәдігерлер көрмесі, «Жеті жарғы»қойылымы және т.б. түрліжұмыстарды атап өтуімізге болады.Бұл мерейтойлар бір жылға жуық уақытты қамтитындықтан,оларға арналатын іс-шаралар өз жалғасын таба бермек.
Мұражаймен қатар адамға жарық сәуле сыйлап, білім көкжиегін кеңітетін орта ол сөзсіз кітапхана болып саналады. Ежелден кітапхананың қоғамдағы маңызы мен атқаратын рөлі жоғары екені белгілі. Тіпті, ұлы шайқастардың өзінде білім қазынасы жиналған ошақты жауынгерлерден сақтап қалуға тырысқан. Оған дәлел ретінде сан жүз жылдар бойы әлемдегі ең бай кітапхана болып келген Отырар кітапханасын келтіруге болады. Шыңғыс ханның 150 мың әскеріне 5 ай бойы қарсы шайқасқан Отырар халқы көптеген кітаптарды үңгірге тыққандары тарихтан белгілі. Бұл дегеніміз, ата-бабаларымыздың өз өмірлеріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан кітаптарды аман алып қалуға тырысқандары үлкен мақтаныш.
         Қазіргі кезде мұражайымыз түрлі мекемелермен байланыста қызмет атқарып келе жатқандығы белгілі. Соның ішінде қала ішіндегі мәдени ошақтардың бірі болып табылатын Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасымен арадағы байланыс жылдан жылға артып күшейіп келеді.Кітапханаеліміздегіелеулідаталарда,саяси тақырыптардағыіс-шараларда мұражайымызды үнемі материалмен қамтамасыз етіп отыруы, кітаптарды беріп өзара ақпаратпен қорландырып отыруын атап өтуімізге болар еді. Оған қоса түрлі іс-шараларды біріге отырып өткізуді де жатқызуымызға болады.Бүгінгі күнге дейін 2011 жылы қазанда бірлесе өткізген Ә.Боранбаев кинотеатрында А.Мұздахановтың 70 жылдық мерейтойын, Р.Касенованың кітапханаға апарған «Қазақ халқының қасіреті»атты жылжымалы көрмесін, А.Мәлжанбайдың «Ұлттың рухани көсемі» тақырыбындағы әдеби танымдық музыкалық кешін ерекше айтуымызға болады.
Бұл ынтымақтастық,байланыс әлі де жалғасын тауып,ұлтымыздың рухани өміріне,мәдени өміріне үлесінқосады деген сенімдеміз. «Рухани мұрасы мол елдің ұтары мол» демекші,халқымыздыңмол мұрасын халыққа насихаттайық,дәріптейік әрі дамыта берейік.

                                                          Аканова Алма Жамбылқызы
Облыстық дала өлкесі  тарихы мұражайының ғылыми қызметкер
 _______________________________________________________________

« Ақпараттық қоғамдағы кітапхана шектеулі мүмкіндікке шекарасыз қызмет түрі»
                                                   кеңес

  Елбасымыз Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев:
«....мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлу керек. Ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы парызымыз»  деп айтқан.
Елбасымыз да биылғы Жолдауында осы жағдайды ескере отырып мүгедек жандарды қоғам қатарына қосып, одан өз үлестерін алуы керектігін тапсырған еді. Ондай жандарды мүмкіндігі шектеулі екен деп қоғамнан ысырып тастауға болмайды. Керісінше олардың өмірге деген сенімін арттырып, психологиялық тұрғыдан алғанда өмір сүргіштікке бейімдеп, қиындықтармен күресе білуге үйрету. Мүмкіндігі шектеулі балаларды  оқыту барысында, оларға  көбінесе, рухани – адамгершілік аясында дәріс жүргізу керек.  Олар өзін қоғамнан шеттетпей, өзге дені сау балалар сынды алаңсыз өмір сүруіне ұстаз ретінде өз септігімізді тигізсек нұр үстіне нұр болар еді
Кітапхана – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Әсіресе, оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Қазіргі кезде адамдардың өскелең талаптарын қанағаттандыру,  рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамытуда кітапхананың қосар үлесі зор. Соның ішінде балалар әдебиеті бөлімі – мүмкіндігі шектеулі балаларға әдебиет таңдауға, оқырмандық қызығушылығын кеңейтуге, оқуға, дүниені тануға қозғау салушы.
Бізде биылғы жылы  «Аялы алақан»  жобасы қолға алынып жұмыс жасауда.
Жобаның  мақсаты:
Біздің жобамыз  әлеуметтік қорғау бөлімінің қызметкерлері мен мүмкіндігі шектеулі балаларды ата-анасымен кітапханаға тарту. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың көңіл күйін көтеру, балалардың икемдігін анықтап, қызығушылығын арттыру және елжандылық рухқа тәрбиелеу.
          Әлеуметтік қорғаусыз балалармен (мүгедек балалар, жүріс тұрысын түзетуге мұқтаж балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар, жетім балалармен) жүргізілетін жұмыс жобасы.
Жоба міндеттері:
1.Әлеуметтік қорғаусыз балалардың қоғамда бейімделуіне кітап оқуға тарту арқылы көмектесу және оларды кітапханаға тарту.
2.Осы категориядағы балалардың әлеуметтік-мәдени өмірінің жақсаруына және бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған кітапханалық жұмыстарды ұйымдастыру;
3. Балалардың рухани-өнегелік ортаға бейімделіп, тұлға болып қалыптасуына  бағдар беріп көмектесу;
4.Кітап таңдауда көмектесіп, өзіндік оқу дағдыларын жетілдіріп, меңгерту;
5.Балалардың дербес шығармашылықтарын дамытуға, дара қабілеттерін арттыруға ынталандыру;
Жасөспірімдерге рухани тәрбие беру жолында, олардың дүниетанымын өзгертіп өмірге деген көзқарасын, құлшынысын арттырып әлеуметтік және  қоғамдық істерге белсене араласуын қамтамасыз ету керек. Мүмкіндігі шектеулі балалардың тәрбиесі де қазіргі таңда алдыңғы орындардың бірінде тұр.
 Мүмкіншілігі шектеулі балалардың сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсуіне, өзін әлеуметтік ортамен байланысуы арқылы  жеке тұлға санай алатын дәрежеге жетуіне нақты үлес қосатын  уақыт жеткен секілді. Бұл - балалардың тағдырына дұрыс мән беріп, оларды оқыту мен тәрбиелеуде кездесетін проблемаларын уақытылы шешу болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға кітапханада ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен білім беру жүйесі келесі кітапханалық шарттар бойынша құрылуы қажет:
-        білім беру үдерісіне қатысушылардың әлемдік білім беру ресурстарына қолжетімділігі;
-        Мүмкіндігі шектеулі балалардың кітапқа  деген қызығушылығын технологиялар арқылы арттыру;
-        оқытудың барлық сатысында өз бетімен қосымша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру;
-        мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы үшін қалыпты жағдайдағы дені сау балалармен тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;
-        балаларды оқыту кезінде олардың білім деңгейінің даму траекториясын бақылау;
-        мүмкіндігі шектеулі балалардың кітап оқуына кедергісіз аймақтар қалыптастыру;
-        кітап оқу сапасының жоғарылауына әсер етіп, қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасуына жағдай жасау.
-        үйден оқытылатын мүгедек балаларға кітап оқуды   ұйымдастыру.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы – еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі бір оқушының болса да білім сапасының жоғарылауы, ұлтымыздың саналы келешегіне қазіргі уақыттан бастап жинақталынып жатқан қор деп түсінуіміз қажет.
  Жас жеткіншек өзінің білімге, рухани қатынастарға құмарлығын
қанағаттандыру мақсатында күнде қажетті білім мен тәртіп алып отырады.
«Бала бақыты - білімде», Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді. Ал, білімнің бас құралы - кітап,
дейді оқымысты А.Байтұрсынов.
  Кітап оқу - кітапхана үшін ең жақыны, ең қызықтысы және ең әсерлісі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды кітап оқуға тарту — жас ұрпақтың ұлттық рухын биіктетіп, мәдениеттілігі мен ой - өрісінің дамуына ықпал жасайтын негізгі бағыт болып саналады. Кітапхананың алға қойған негізгі мақсаттарының бірі, жас оқырманның таусылмас қазынасы, мәңгілік жан - азығы кітапқа деген қызушылығын арттыру, қадір - қасиетін ұғындыру. Кітап оқу ерекше ден қоюды, ынта жігермен оқуды керек етеді, яғни оқырман ой еңбегімен шұғылданады. Бала кітапты оқып, өз ой елегінен өткізіп мазмұнын жеке түсінгенде ғана ондағы оқиғаларды ішкі жан дүниесімен көріп, сезінеді.
Кітап оқу дегеніміз – мүмкіндігі шектеулі балалардың рухани өмірінің бір жағы. Сондықтанда  мүмкіндігі шектеулі балалар қалай оқиды және нені оқиды, кітапты қалай түсінеді, кітап оның қандай ойын оята алады, кітапқа деген ынтасын арттыру мақсатында әлеуметтік қорғау мекемесімен   бірлесіп іс – шаралар  жүргіздік. 
Әлеуметтік қорғау мекемесімен жылдан-жылға  байланысымыз күшейе түсті деп айтуға болады. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар, балалар әдебиеті бөліміне жиі келіп тұрады және жүре алмайтын балалардың ата-анасымен де тығыз байланыстамыз. Өйткені «Жазғы оқу бағдарламасы» балаларды қызықтыра түсті, барлық сабақтарға толығымен қатысты яғни бұл да үлкен қуаныш деп айтуға болады. Себебі балалар бөлімінде ой-өрісін кеңейтіп және қызықты баспасөз басылымдармен қауышып жатады. Мысалы: «Мастерилка», «Бала би», «Вундеркинд КЗ», «Балапан бағы» т.б.
 Балалар бөлімі – балаларды оқуға тәрбиелейтін орта. Бүгінгі балалар бөлімі – көп қалыпты және ерекше құбылыс. Ол жайлы жинақтап айтатын болсақ, негізгі ерекшеліктерімен сәйкес оның жұмысының нышаны болып ізденіс, өндіріс, жаңарту процестері табылмақ. Бұл жерде кітапханашылар оқу жетекшілері болып келеді. Балалар әдебиеті бөлімі – көркем шығармалар оқу арқылы балалардың ой-өрісін жетілдіруге, сондай-ақ салауаттылыққа қалыптастыруға жол ашатын мәдени мекеме. Сонымен, кітапханадан мүмкіндігі шектеулі балалар тіршілігіне қажетті рухани қазынаның бәрін табуға болады. Бай құралдар арсеналын, жұмыс түрлері мен тәсілдерін қолдана отырып, кітапхана баланың шығармашылық дамуына көмектеседі. Адамгершілік қарым-қатынас, ортақ мүлікті мәдениетті түрде пайдалана білу,  басқалар алдындағы жауапкершілікті сезіну, көрген, естіген, оқыған нәрселерін де түсініп,  талдап үйрену және өз пікірін дәлелдеп қорғау білу – осының бәрін балалар кітапханадан үйренуі керек. Осы жолда мүмкіндігі шектеулі балаларға жан-жақты тәрбие беріп, адамгершілік, имандылық қасиеттерді бойға сіңіріп, кітап оқудың маңызын көтеру міндеті арта түсті.
                    Қазан айында «Жүрек жылуы» атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған үлкен мереке өтті. Балалар өлең айтып, би билеп, соңынан «Біз бақытты балдырған» атты тақырыпқа өз ойларындағы суреттерін салды.
  Сонымен қатар, осында қызмет жасап жүрген дархан жанды демеушілеріміз де осы кітапхана шаңырағының мәртебесін биікке асқақтатқан балалардың кітап оқып, сапалы білім мен саналы тәрбие алуына үлкен үлес қосып,  жақсылық пен мейірімділіктің жаршысы болып жүрген, елеулі еңбектерімен балалардың жүректерінен орын тауып, жемісті жетістіктерге жеткен жандардың  қуаныштарымен бөлісуге, мерекелік кешімізге қатысушы қорғаншы, қамқоршыларды  өздерінің ізгі тілектерімен, жүрек жарды лебіздерімен құттықтады.
Бала тәрбиесіне үлкен үлес қосып, көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген қорғаншы, қамқоршылар да өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, барлық қамқорлықты көрсетіп отырған мемлекетімізге және бүгінгі іс-шараны ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.
Балалар шығармашылық мектебімен бірлесіп «Жан жылуын сыйлайық!»  атты балалар жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.
               Әлеуметтік қорғау бөлімінің қызметкерлері, нашар оқитын бірақ тамаша сурет салатын балалардың кітапханаға келуге мүмкіншілік жасауда. Балаларға біздің орта ұнайды, кітапханада  олар өздерін жақсы сезініп, ортамен қызығып араласады, іс-шараларға қатысады.  Кітапханашылар әлеуметтік қорғау еңбеккерлері, ата-аналар көмегімен балалар жаңа баспасөз басылымдарымен және тамаша ертекші Уолт Диснейдің есімі елге мәлім. Оның таңқаларлық мультфильмдерінде романтика мен ерлік, жақсылық пен жамандық, қуаныш пен қайғы, әдемі әзіл мен жан жылуы қатар өрліп, елітіп әкетеді. «Алтын классика» сериялық кітаптар тамаша оқиғаларымен қоса көркем суреттерімен де көздің жауын алады. Кішкентай оқырмандар өздерінің сүйікті қаһармандарымен бірге сиқырлы әлемге тап болып, таңғажайып құпияларды ашқандай болды.
           Дәл осы оқушылардың интеллектісін, ой-өрісін дамыту мақсатында түрлі ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, танымдық қызығушылықтары мен оқушылардың жеке қабілеттерін шыңдауда кітапханашылардың бұл еңбегі тәжірибеге енсе, жемісін берері анық.
Кітапханашылардың кәсіби маман ретіндегі өз тәжірибесіне негіз болып жүрген бұл баяндамасын саралай отырып, іс-тәжірибесін кең көлемде таратуды ұсынамын.
         Біздің міндетіміз  әлеуметтік қорғау бөлімінің қызметкерлері мен мүмкіндігі шектеулі балаларды ата-анасымен кітапханаға тарту.
 Біз сол міндетімізді орындаймыз және мүмкіндігі шектеулі балалар үшін балалар бөлімінің әрқашанда есігі айқара ашық!

Отанға деген сүйіспеншілік ұлттық намыс, сана-сезім, рухани байлықтан көрініс табады. Біздің кітапханамыздың жұмысында  ұлтымыздың тарихын, тілін, салт-дәстүрін, мәдениеті мен әдебиетін насихаттайтын шараларда әліде жалғасын таба бермек. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, кітап оқитын балаларымыздың саны көбейе берсін!

Пайдаланған әдебиеттер:

1.     Абдрасилова, Алма. Көмекші мектепте ұлттық дәстүрмен таныстырудың теориялық негіздері [Мәтін] : [мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс] / А. Абдрасилова // Дефектология. – 2009. - № 3. – Б. 27-29.
2.     Абиырова, Шайгүл. Мүмкіндігі шектеулі балалардың тәлімдік қызметін дамыту [Мәтін] : [оқушыларды мәтінмен жұмыс істеуге үйрету] / Ш. Абиырова // Сыныптағы тәрбие.- 2010. - № 1. – Б. 24-26.
3.     Әбіл, Злиха. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік-педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету [Мәтін] : [мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс] / З. Әбіл // Дефектология.- 2009. № 4-5.  – Б. 58-59.
4.     Әлмағанбетова, Әйгерім. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдайық!: [кітапханалық іс-шара туралы [Мәтін] : [сурет бар] / Ә. Әлмағанбетова // Торғай.- 2013. - 11 қазан. - Б. 4.
5.     Батубаева Л. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыру [Мәтін] : [мүмкіншілігі шектеулі балалардың психологиясын терең, жетік меңгеру керек] / Л. Батубаева // Дефектология.- 2009. - № 1. – Б. 25-27.
6.     Есенғазы Н. Мүмкіндігі шектеулі баласы бар ата-ана назарына! [Мәтін] : [мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек] / Н. Есенғазы  // Бала тәрбиесі.- 2013. - № 1. - Б. 24-25.
7.     Кеңесқызы, Зылиха. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстары [Мәтін] : [баланың өзіндік санасының дамуы-оның болашақта тұлға ретінде қалыптастыру жайлы] / З. Кеңесқызы // Отбасы және балабақша. Семья и детский сад.- 2012. –
     № 3. - Б. 8.
 Балалар әдебиеті бөлімінің меңгерушісі:     Есмағамбетова С. К
 _______________________________________________________

«Кітапхананың мәдениаралық және кәсіби байланысының дамуы»
аймақтық зерделі кеңес

Қостанай облысы Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы 2015 жылдың 25 маусымында «Кітапхананың мәдениаралық және кәсіби байланысының дамуы» атты аймақтық зерделі кеңес өткізді.
Зерделі кеңестің мақсаты:
·        Қазіргі ақпараттық қоғамда кітапхананың алар орнын айқындау
·        Кітапхананың алға қойған міндеттерін мүлтіксіз атқаруда басқа барлық мекемелері мен ұйымдар арасындағы мәдени байланысты нығайта түсу
·        Кітапханашылардың ұлттық рухын биіктетіп, мәдениеттілігімен ой-өрісінің дамуына ықпал жасауға бағыттау
Зерделі кеңеске 42 адам қатысты. Жангелді ауданының, Амангелді ауданының, Родина ауылының ОКЖ кітапханаларының басшылары, әдіскерлері, кітапханашылары қатысты. Қаламыздағы мәдени орындарының қызметкерлері баяндама жасады. Зерделі кеңестің ашылуын және құттықтау сөзді  Арқалық қаласының әкімінің орынбасары Мәметеков Есламбек Жеңісұлы, қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алматова Сандуғаш Өрекенқызына берілді.
Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Нұрманова Алма Жақсылыққызы «Шекарасыз кітапхана: серіктестік пен ынтымақтастық» тақырыбында баяндама жасады. Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі Ғапбасов Жәнібек Ғапбасұлы «Мәдениаралық және ұлтаралық байланыс ассамблеяның алғы шарты» атты баяндама оқылды.
Кітапханамыздың оқу залы бөлімі Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап ұйымдастырылған «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – Қазақ хандығы» атты тұрақты кітап көрмесінің тұсау кесері жасалды. Зерделі кеңестің соңында «Біз бірлескен кезде: ақпараттық қоғам жағдайындағы кітапхананың жаңа рөлі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Ауыл кітапханашылары аймақтық зерделі кеңестен алған әсерлері туралы бір-екі сөзбен өз лебіздерін айтты.











Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска