«Елбасы – Ұлт көшбасшысы»

  Жиырма шақты жылдың ішінде тыңнан күшті мемлекет қалыптастырып, сол арқылы өз халқын даңққа бөлеген, әлемдегі миллиондаған адамдардың құрметіне ие болған ұлы тұлға Һәм саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы мен қазақ халқы, мемлекет алдындағы атқарған ерен еңбегі туралы оқырмандарға насихаттау мақсатында 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күніне орай  «Елбасы – Ұлт көшбасшысы» атты ұлықтау кеш ұйымдастырылды. Бұл кешке арнайы қонақтар шықырылды.
1. Хамзин Нұрлан Сейітжанұлы  Арқалық қаласының «Нұр Отан» партиясының филиалының жетекшісі
2. «Жас Отан» жастар қанаты қоғамының төрағасы Қошан Әсем және оның мүшелері
1-бөлім. Ғибратқа толы ғұмыр.  Бұл ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір –қасиетін бойына жиған, тілін, тарихын, мәдениетін, әдеп – ғұрпын, салт- дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан – тәнімен сүйетін ҚР Тұңғыш Президенті  Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолына арналды. Тұңғыш Президентіміздің балалық шағынан сыр шертетін «Балалық шағымның аспаны» атты фильмнен үзінді көрсетілді.
2-бөлім. Кемеңгер көшбасшымен татулық кемесінде. Бұл бөлімде алғашқы егемендігімізді алған кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз де қуатты мемлекет құруға жұмсап келе жатқанын ұшан – теңіз еңбегі мен саяси қызметтері  жөнінде «Жас Отан» жастар қанаты қоғамының төрағасы Қошан Әсем баяндаса, ал Арқалық қаласының «Нұр Отан» партиясының филиалының жетекшісі Хамзин Нұрлан Сейітжанұлы Елбасының стратегиялық даму жоспары мен жаңа бағыттарды айқындайтын бағдарламалары, жыл сайынғы Қазақстан халықына арнаған Жолдаулары жөнінде айтып өтті. Осындай тамаша сөздерден кейін Киелі Торғай жерінің тумасы, ақын Ғафу Қайырбековтың  «Елбасына» атты өлеңін Н.Құлжанова атындағы гуманитарлық колледждің 1-курс студенті Ешбергенова Аружан асқақан шеберлікпен оқи отырып, оқырманға жеткізе білді.
3-бөлім. Елбасы-жазушы, ақын. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев - бірқатар ғылыми еңбектердің,ғылыми қоғамдық, саяси тақырыптағы кітаптардың авторы, сонымен қатар Әнұранның, "Үшқоңыр","Сарыарқа","Елім менің" әндері сөзінің авторы. Демек елбасын - жазушы, ақын десекте болады. Қаламынан туындаған  Елбасының бірнеше кітаптарына щолу жасалынып, оқырмандарға насихатталды.  «Әділеттің ақ жолы», «Ғасыр тоғысында»,   «Тәуелсіздік белестері», «Сындарлы он жыл», «Тарих толқыныңда», «Ақыл-парасат кітабы», «Жылдар мен ойлар», «Мәңгілік ел. Ғасырға белгісіз жылдар»  т.б бұл туындылар  жалпы оқырмандарға, қымбатты отандастарға ел өміріндегі дәуірлік бетбұрыстарды, жүріп өткен жылдардың ұлы мәні мен халқымыздың келешектегі сан буын ұрпаққа жалғасар даму әлеуетін ой елегінен өткізуге көмектеседі деп сенеміз.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска