Ерен ерлік ұмытылмайды


14.02.20
Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент бөлімінің ұйымдаастыруымен Қазақстанның  тарихында орыны бар отты жылдардан сыр шертер «Ерен ерлік ұмытылмайды»  атты Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына арналған кездесу – кеші өтті.

Мақсаты: Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған ерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Жиын барысында сол шерлі жылдарды еске алып, тарихымызға шолу жасадық.

1989 жылы, ақпан айының 15-ші жұлдызында талай аналарды перзенттерінен айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан, қасіретті де қайғылы да, ауған соғысы аяқталды. Екінші жаһан соғысына пара-пар зардабы мен залалын шашқан ауған соғысының тарих қоржынын бір басында жатқанына да 30 жылдың төңірегі болды. Жарасы жазылған жоқ. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатынасып, батырлықпен ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз бүгін біздің ортамызда.

Кеш қонағы  Ауған соғысының ардагері «От благодарного Афганского народа», «20 лет вывода Советских войск из Афганистана»  медальдарымен марапатталған Абильдин Болат Бержанұлы болды. Құрметті ардагеріміз Болат Бержанұлы кітапхана басшысы және де бөлім басшылары мен арнайы жайылған дастархан басында өз естелік естегілерімен бөлісіп ән шырқап, әскердегі шақтарының  қызығы мен шыжығын айтып сырымен бөлісті. Сонымен қатар, соғыста қаза тапқан жауынгерлердің, сол зұлмат жылдардың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды. Әрі қарай, кешіміз  көркем сөз, әсем, әнмен жалғасын тапты. Кеш барысында, кітапханамыздың ұжымы ауған ардагеріне ізгі тілектерін білдіріп, кітапхана басшысы Қазына Байсабекқызы ұжым атынан дайындалған сыйлығымызды табыстап, алғысын білдірді.

Жылдар жылжып өткенімен, ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады. Ауған соғысы – жүректе жазылмайтын, тарихта орын алатын ерекше беттер.

Іс – шара соңында, әсем ән шырқалып, кешіміз өлең жолдарымен қорытындыланды.

Ерең ерлікке тағзым еткен кешіміз ерекше әсер сыйлады. Отан үшін жанын қиған ержүрек батырларымызды мәңгі есте сақтап құрметтеу, кейінгі ұрпаққа ерліктерін дәріптеп, насихаттау әрбір азаматтың қасиетті борышы демекпіз. Ерліктеріңізге құрметпен бас иеміз!

15 февраля исполняется 31 лет со дня вывода Советских войск с территории Афганистана.
Время дальше и дальше отдаляет нас, живущих в ХХI столетии, от века прошлого с его трагическими событиями, которые останутся в памяти последующих поколений. Афганская война, длившаяся с 25 декабря 1979 г. по 15 февраля 1989 г., по своим масштабам занимает особое место в цепи военных конфликтов

В этот день в нашем городе около обелиска воинам-афганцам состоялся митинг и возложение цветов к обелиску памяти погибших в Афганистане.

В нашей библиотеке прошло мероприятие – вечер-встреча с  афганским ветераном  Абильдиным  Болатом  Бержановичем.

Минутой молчания почтили светлую память о тех героях, кто не вернулся с Афганской войны.

Из рассказа  ветерана мы  услышали о примерах бескорыстного выполнения воинского долга. Все трудности ребята переносили стойко, мужественно, героически. На горных заставах, в воздухе и на земле Афганистана выполняли они свой воинский долг. Они попадали в засады и заживо горели в БТР-ах, глотали пыль дорог под перекрестным огнём пулемётов, рискуя собственной жизнью, вытаскивали с поля боя раненых, оставаясь один на один с врагами, прикрывали отход своих боевых товарищей.

За праздничным дастарханом были волнующие  воспоминания о тех нелегких годах, звучали патриотические песни, пожелания коллектива библиотеки ветерану.

В заключение  директор библиотеки Борибаева К.Б. преподнесла ветерану памятный подарок, подведя итог мероприятия, сказала: « Мы не должны забывать ужасы войны и страдания, это было бы преступлением перед павшими. Мы должны помнить о войне, о героизме и мужестве наших сегодняшних ветеранов, прошедших эту войну».  







Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска