Ұмытылмас ұлы есім


10.10.2019 жыл             
                                   Ұмытылмас ұлы есім
         Елбасымыздың ұсынып отырған жолдауы «Рухани жаңғыру» бағдарлама аумағында Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент бөлімінің ұйымдаастыруымен қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, революционер-коммунист, қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына  арналған «Ұмытылмас ұлы есім» атты әдеби саяхат өтті.
         Жиын барысында алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтер баяндалды.
         Мақсаты: жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
         Сәкен Сейфуллин Қазақстанның жазушылар одағының негізін қалаған адамдарының бірі және де өмірінің аяғына дейін оның басшылық қызметін атқарған. Ол қазақ даласының жазушылары арасында бірінші болып «Трудовое Красное Знамя» орденінің иесі болған. Ол қазақ ақындарының ішінде бірінші болып революцияны жырлады, Совет өкіметі үшін күреске белсене қатысты.
          Кешімізге қаламыздағы Торғай гуманитарлық колледжінің  студенттері қатысып, 1– курс студенті  Қабен Диана   ақынымызға деген өз арнау өлеңін оқыды, ұлы тұлғамыздың өмірбаяны айтылып, ақынның мұражайында сақталып қалған ерекше заттары мен тағдыры баяндалған естелік бейнебаян оқырмандар назарына ұсынылды. Сонымен қатар, колледж студенттері ақынның туған жерге деген сүйіспеншілігінен, анаға деген махаббатынан, сағыныштан  туындаған «Көкшетау», «Сағындым», «Анаға хат», «Қамауда» сынды өлеңдерін мәнерлеп оқып, Ибраев Нұрсұлтанның орындауында туған жер әнін тындап, поэзия альбатросы Сейфуллиннің сыр сандығын ақтардық. Дара дарынымыздың ақындық өнерімен сусындап қана қоймай жазушылық қасиетінен туындаған шығармаларыменде таныс болдық, жәнеде ең үздік еңбегі өз өмір шындығынан алынған «Тар жол, тайғақ кешу» романына тоқталып, үзінді бейнебаян тамашаланды. Сондай-ақ Сәкен Сейфулиннің мол мұрасын насихаттау мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеде ақынның көп томдық еңбектері, ақын жайлы зерттеулер мен жеке өлеңдер жинақтары оқырмандарға таныстырылып өтті. Тарихта қалған тарландар өмірі біз үшін үлгі. Қазақтың қазыналы тілінің бір пұшпағын илеген талай ақын-жазушыларымыз сөз маржанының қандай болатынын қарға тамырлы қазаққа дәлелдеп айтып кетті. Өмір атты теңізде қолдарына қалам алып, дүние сырына тоймай тамсана жазған талай дана адамдар болды. Осындай ұлы тұлғалардың еңбегінің алдында бас иіп ұрпақтан-ұрпаққа ұлылықты дәріптеу біздің міндетіміз, осы орайда біз осындай игі іске түйірдей болсада атсалысқанымыз үшін қуаныштымыз.
          Іс – шара соңында әсем ән шырқалып, кешіміз өлең жолдарымен қорытындыланды. Әдеби кешке қатысушылар өздеріне рухани байлық алып, жазушы Сәкен Сейфуллин жайлы көптеген деректермен таныс болды.  Келешек ұрпақ өз батырларын мақтан тұтады, мәңгілікке есте сақтайды.
Ұмытылмас ұлы есім
125-летие С.Сейфуллина
          В рамках реализации Программной статьи «Рухани жаңғыру» в нашей библиотеке при  организации абонемента проведен литературный круиз, посвященный 125-летию со дня рождения основоположника современной казахской литературы, поэта и писателя, государственного деятеля С.Сейфуллина.
       Студентов ознакомили с жизнью и творчеством Сакена Сейфуллина, была представлена книжная
выставка-экспозиция, на которой были выставлены его основные произведения: многотомное собрание сочинений, а также отдельные произведения поэта и писателя. Участники литературного клуба «Руханият», который работает при отделе, продекламировали стихи, исполнили отрывки из произведений. Студентка гуманитарного колледжа Кабен Диана прочитала свое стихотворение-арнау великому поэту.
На мероприятии звучали стихи автора, такие как «Көкшетау», «Сағындым», «Анаға хат», «Қамауда», демонстрировались видеоролики, на протяжении вечера звучали патриотические песни в исполнении Ибраева Нурсултана. Ведущая мероприятия библиотекарь абонемента Гульназ Жакия провела библиографический обзор литературы по книгам писателя и поэта.
Сакен Сейфуллин стоял у колыбели Союза писателей Казахстана и до конца дней своих оставался одним из его руководителей. Первым из казахских писателей награжден орденом Трудового Красного Знамени. Вел большую педагогическую и научно-исследовательскую работу, Потомки должны гордиться своим героем: великим человеком, писателем и поэтом.
Наша молодёжь должна знать национальных героев, которые служат достойным примером. В трудные времена Сакен Сейфуллин сделал многое для казахского народа. Таких как он было немало. Все мы знаем наших трёх байтереков: Ильяса Жансугирова, Бейимбета Майлина и Сакена Сейфуллина. Они жили в одно время, шли по одному пути и расплатились жизнью за свои взгляды. Они не зря пожертвовали собой - после них страна и народ обрели независимость. Память и благодарность за гражданский подвиг нужно сохранять и передавать из поколения в поколение. Мы рады, что вкладываем хоть небольшую частичку своего труда в это благородное дело.








Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска