«Елін сүйген. Елі сүйген Елбасы»


26.11.2019. ж.                     
                       «Елін сүйген. Елі сүйген  Елбасы»
   
Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханамызда  2019 жылы 26-қарашада оқу залында  «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты
Тұңғыш президент куніне арналған  тәлімдік сағат өтті.Бұл іс-шараға Арқалық педогогикалық институтының  ТХ-11 және ТХ-21  студенттері қатысты.
 Мақсаты: оқырмандарға сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Отанын, халқын сүюге, президенттін құрметтеуге баулу.Іс-шара барысында кітапханашы Мейрамкүл Рахметова Елбасының жүріп өткен еңбек жолдары мен еңбектерін айтып, кітап көрмесіне шолу жасады.
Көрме екі бөлімнен тұрды.
1. «Елбасы-елдің тірегі»  
2. «Ерлік күші -  мықты саясаткер»  
Көрмеде Қазақстаның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жазған кітаптары мен президент туралы жазған авторларды кітаптары ұсынылды. Халыққа Жолдауы және «Ұлы даланың жеті қыры» атты жобасы қойылды.
Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен ерекше екендігі сөзсіз. Елбасымыз Н.Назарбаев сындарлы шақта бірлік пен ерлікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді. Елбасының бастамасымен атқарылып жатқан игі істер тәуелсіз Қазақтанды бұданда биік шыңдарға көтереріне біздің ешқандай күмәніміз жоқ.
«Ел еріне, ері еліне» сеңген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін!





Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска