Статьи

    










Сыйлық
           Бабалар найзасын қаламға айырбастаған

        Лебімен күнді де, гүлді де өпкен,
         Сезімім бар қарасаң бір дір еткен.
         Сол сезіммен тұп- тұнық тұма күйде,
         Жырларымды сыйлайын шын жүректен - деп ақын жырлағандай
      Рухани құндылығы бар әдеби мұраларын қалың оқырман қауымға арнап отырған біздің Арқалық қаласындағы  азаматтарымыз өздерінің еңбектерін
қаламыздағы №2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына сыйға ұсынып отыр.
     « Тұлпарлығы тұлғасынан танылған» бұл азаматтарымызаға шығармашылық табыс тілей отырып, төмендегі әбдебиеттерді сіздердің назарларыңызға ұсынамыз :
        Аймағанбетұлы Р. Қазақстан тарихы.(Деректер курсы) Оқу құралы.
( Арқалық, 2015 ж.)
            «Қазақстан тарихы» пәнінен жоғары оқу орындарының   курс студенттеріне арналған дәрістер курсы болашақ маман иелерінің ой- өрістерінің кеңеюіне, жан- жақты азамат болып қалыптасуына мүмкіндік береді.
       Аймағамбетұлы Р., Сейдалықызы Д. Кеңес дәуірі тұсындағы Торғай өңірінің әлеуметтік- экономикалық және мәдени даму тарихы (Жергілікті баспасөз мареиалдары бойынша) Оқу құралы.  ( Арқалық, 2015 ж.)
     Кітапта Кеңес дәуірі тұсындағы Торғай өңірінің әлеуметтік- экономикалық және мәдени даму тарихы (Жергілікті баспасөз материалдары бойынша) өлке тарихы , қаланың 1956- 1997жж. әлеуметтік дамуы  туралы мәліметтер жинақталған.
      Ақ желкеннің ұландары : [шығармалар жинағы] / Тоқтарбай Е., Смақов Д., Жылқыбай. (Алматы, 2015 ж.)
      Бұл жинаққа әдебиет әлеміне жаңа қадам басқан Елдос Тоқтарбай, Думан Смақов, Мейіржан Жылқыбай және Алпамыс Файзоллалардың шығармалары еніп отыр. Кітапқа енген әр туынды өзіндік ерекшелігімен, әуезділігімен, ойнақы әрі шебер тілмен, терең мағынасымен есте қалады.
     Аязбеков Ж.  Ағайынның арасы..: әдеби-публицтикалық байып.
 ( Қостанай, 2014 ж.)
     «Қостанай таңы» кітапханасы» сериясымен жарық көріп отырған бұл кітап аты аталған басылым Директоры- Бас редакторы, Қазақстан Журналис-
тер Одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі  Жанұзақ Аязбековтың газеттің «Бас редактор әлемі» легі бойынша жазған әдеби- публицистикалық туындылар жинағы.
     Жинақта автордың бүгінгі қоғам өмірі, замандастарының руханияты хақындағы сентенциялық ой- байып, көзқарастары арқау болған.
Автор бұл кітапты  іс- сапармен келген кезінде өз қолымен  арнайы табыс еткен болатын.
      Балмашева Б.  Арым да менің бұл айтыс. ( Қостанай, 2015 ж.)
      Айтыс өнерін ту етіп көтеріп жүрген айтыскер ақынның бұл кітабында өзінің әр жылдардағы айтыстары жинақталынған.
     Құлабаев Н.  Іңкәр дала: [өлеңдер жинағы] / Құлабаев Н.; [алғы сөз жазғ.: А. Шаяхмет].. (Қостанай, 2015 ж.)
      Автордың бұл кітабында әр жылдарда жазылған өлеңдері енген.
Ақынның жырларына туған жер мен ел, сана мен сезім, адамгершілік пен адалдық, махаббат тақырыптары арқау болған.
     Торғай өңірі, Арқалық қаласы, руханият саласы, ұлағатты ұстаздар, замандас келбеті жайлы очерк, эсселер мен әдеби портрет, сұхбаттары жинақталған.
       Ы.Алтансарин атындағы Арқалық педагогикалық институты жанынан құрылған  айтыскер ақын, әдебиеттанушы ғалым Айбек Қалиев жетекшілік ететін Міржақып Дулатұлы атындағы әдеби - мәдени бірлестік мектебінің
мүшелері әдебиеттану саласындағы өзекті мәселелерді шешіп белсенділік көрсетіп келеді. Сіздерге ұсынылып отырған осы  жинақ - Торғай ақындық мектебінің дәстүрін жалғастырушы тұлғалардың шығармашылығы және әрбір ақын- жыраулардың шығармашылықтарына ғылыми түсінік берілген
кітаптар.
        Торғай ақындарының антологиясы: [шығармалар жинағы]. 1-том / [жалпы ред. басқ.: А. К. Қалиев ; құраст.: Б. Ж. Сағынтаев]. (Арқалық, 2014 ж.)      
       Бұл томда Торғай ақындарының  ХІХ ғасырда өмір сүріп, Торғай ақындық мектебінің дәстүрін қалыптастырушы ақын - жыраулардың шығармалары жинақталған.
Алғысөзін жазған  география ғылымдарының докторы, Ы.Алтынсарин атындағы  педагогикалық институтының ректоры Сейілбек Бекенұлы Қуанышбаев.
        Торғай ақындарының антологиясы: [шығармалар жинағы]. ІІ-том / [жалпы ред. басқ.: А. К. Қалиев ; құраст.: Б. Ж. Сағынтаев]. (Арқалық, 2014 ж.)
         Бұл жинақта  ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүріп, Торғай ақындық мектебінің дәстүрін жалғастырушы  ақын- жыраулардың
шығармалары жинақталған.
        Торғай ақындарының антологиясы: [шығармалар жинағы]. ІІІ-том / [жалпы ред. басқ.: А. К. Қалиев ; құраст.: Б. Ж. Сағынтаев]. (Арқалық, 2014 ж.)
       Анталогияның ІІІ томында ХХ ғасырда өмір сүріп, Торғай ақындық мектебінің дәстүрін жалғастырушы ақындар мен жыраулардың өмір деректері белгісіз тұлғалардың шығармалары жинақталған. Бұл әдебиеттерді  кітапхананың абонемент бөлімінен алып оқуларынызға болады.
      Қадірменді  ұстаз- қаламгерлер! Асуларда Алла ісіңді оңғарсын ,   
                 Алатаудай биіктесін мәртебең!- деп тағы ақын сөзімен сөзімді түйіндей келе Сіздерге қалың оқырман қауым атынан үлкен алғысымызды  білдіреміз.

                                                                      Зайра Сығаева.
                                                          абонемент бөлімінің кітапханшысы
                                
-------------------------------------------------------------------------------------------------------

        

2017 год



                        

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска