Жыл кітабы Сұлтанмахмұт шығармалары.

Жыл  кітабы Сұлтанмахмұт шығармалары.
Арқалық қаласындағы облыстық №2 ғылыми-әмбебап кітапханасының  оқу залы қызметкерлері еліміздегі «Бір ел – бір кітап» акциясына белсене кәсіьи шеберліктерімен үн қосуда.  Жыл кітабы болып анықталған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын  тек кітапхана оқырмандарына ғана емес,  оны қала халқы мен жаз айларында көптеп келіп жатқан қала қонақтарына құлаққағыс жасау мақсатында  «Жыл кітабы Сұлтанмахмұт шығармалары»  атты айдармен әдеби-бульвар  ұйымдастырды...
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласының  жариялануы және рухты қазақтың  2017 жылға Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын ел болып оқуға ұсынылуы бір керемет  тарихи үндестік іспеттес.  Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам...» деп бүгінгі күнді аңсап, осындай күннің болатынын меңзеп кеткен  қайсар ақын Сұлманмахмұт шығармалары арқылы қазақ халқының кешегі тарихы мен тыныс  тіршілігін көреміз сезінеміз. Оқимыз да ұлттық санамыз,  рухани болмысымыз, ұлттық ерекшелігіміз айқындала түскендей күй кешеміз.
2007 жылдан бастау алған осы «Бір ел – бір кітап» акциясының  маңызы мен пайдасын айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл  нағыз ұлтымыздың рухани байлығын құрметтеу, кітапты насихаттау, тек жай кітаптарды насихаттау емес  нағыз қазақ әдебиетінің асылдарының,  марқасқа маржандарын  су бетіне алып шығып насихаттау, оқыту, оқуға шақыру болып табылады.  Ендеше,2017 жылғы жалпы ел болып оқуға  тағайындалған кітап ол – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары.  Осы орайда Арқалық қаласындағы облыстық №2 ғылыми әмбебап кітапханасының оқу залы бірқатар шаралар жоспарлап өткізіп келеді.  Солардың бірі   осы тақырыпта ұйымдастырылған  әдеби-бульвар.        Кітапханада соңғы кезде  жаңашылдық бағытта жасалып жүрген  кітапханалық жұмыстың тиімді түрі деуге болады.  Оқу залы қызметкерлерінің  ниетімен бұл ашық аспан астындағы оқу залы іспеттес. 

Сондықтан да осы ашық аспан астындағы  жылжымалы оқу залына   газет-журналдардың соңғы жаңа номерлері, әр алуан пайдалы кеңестерді қамтыған журналдар материалдары да қойылды.  Осындай аспан астындағы оқу залы арқылы  уйымдастырылған әдеби-бульварда  әріптестер  «Бір ел – бір кітап» акциясының  маңызын айта отырып  Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  шығармаларын  көпшілікке ұсына отырып,  келушілермен «Сұлтанмахмұт шығармаларын оқыдыңыз ба?( атты   жедел-викторина  ойнатылды.  Осылайша   қала жұртшылығы, демалушылар өз демалыс сағаттарын  кітаппен  біріктіруге жол ашты. Тұрғындар  ризашылығын білдіріп   жатты.



Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска