Ұлт діңгегі, ұрпақ мұраты -
Ислам.

"Ұлт діңгегі, ұрпақ мұраты - Ислам" деген тақырыпта пікірлесу кеші өтілді. "Мұхтасиб Әлмұхаммед" мешітінің қызметкері Сүлейменов Сәулет Боранбайұлы, Ішкі саясат бөлімінің дін жөніндегі инспекторы Нұғманов Әсет Бауыржанұлы келіп оқырмандарға имандылық тәрбие жөнінде, құрбан айттың маңыздылығы туралы уағыздар айтты.Сонымен қатар діни кітаптармен, мерзімді басылымдарға шолулар жасалып, слайдтар, бейне роликтер дайындалып көрсетілді. Әмірбекова Ә. Абайдың "Алланың сөзіде рас, өзіде рас" өлеңін оқыды.
Міне, осындай кездесулер арқылы
ұрпағының иманды, инабатты,тәрбиелі болып өсуі мен Ислам құндылықтарын
бойына сіңіріп өскен ұрпақтың болашағы жарқын болу үшін, дінімізді және
ділімізді сақтаған иманды ұрпақ тәрбиелейік. Жалпы 28 оқырман қатысты.
30.09.14 ж.
сағат 14.00
Комментариев нет:
Отправить комментарий