«Шағын бизнестің алғашқы қарлығашы»

                    «Шағын бизнестің алғашқы қарлығашы»
  Арқалық қаласындағы «ОЛВИ» жеке шаруашылық серіктестігіне биылғы жылы 20 жыл толып отыр. Осыған орай «Шағын бизнестің алғашқы қарлығашы» деген тақырыпта «ОЛВИ» жеке шаруашылық серіктестігінің Президенті "Алтын жүрек" номинациясының иегері атанған Соколова Тамара Жәкенқызмен кездесу болып өтті.
 Кездесу барысында  «ОЛВИ» ЖСШ маңызды салаларда жоғары жетістіктерге жету үшін саяси, экономикалық  және әлеуметтік тұрақтылық пен орнықты жағдайда қалай жүргізу керектігін осы 20 жылда жүріп өткен кезендерінен айқын көруге болады. Қаладағы «Дом одежды» дүкенін сатып алып, 1994 жылы заңды тұлға ретінде «ОЛВИ» фирмасына тіркелген, Тамара Жәкенқызы екі- үш жылдың ішінде тағы бірнеше дүкендер ашады. «Күміс» тігін цехы қаладағы мұқтаж жандарға арзан киім тігіп өнімдерін ұсынады. Сонымен қатар Астана, Макинка, Қостанай қалаларында ағаш өңдеу, жиһаз цехтарымен қатар диірмен, ұн өнімдерін шығарып бизнесін дамыта түседі. өз техникаларын жаратып Арқалық қаласына ауылшаруашылық құралдарын, құрлыс заттарын тасып қала экономикасына елеулі үлес қосты. Дәрі – дәрмек аптекасы да халыққа қызмет көрсетуде. Компьютер орталығы, қонақ үй, бильярд клубы, аяқ – киім цехы, наубайхана, атай берсек сан жыл сайын көбейе беретін «ОЛВИ» - дің елімізге бергенінен беретініне ел сенеді.  
Тамара Жәкенқызының «жан жомартығына» келсек, Жеңіс күні  
жыл сайын соғыс және еңбек ардагерлеріне арнап дастархан жайып, сыйлықтар беруі, балаларды қорғау күніне қаланын барлық  арнаулы интернат тәрбиеленушілеріне мереке ұйымдастырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық акциялар ұйымдастырып отырады.
 Тамара Жәкенқызы Соколованың қаламыздың көркейуіне қосқан үлесі зор, осы жетістіктері ақталып Арқалық қаласының 2010 жылы «Жыл адамы» атанса, 2013 жылдың республика бойынша «Саланың көшбасшысы» атағын иемденді. Сонымен қатар Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы медалі кеудесінде жарқыраған жан. Бұл іс – шараға қалалық оқу орындарынан,зиялы қауым өкілдері, әріптестері т. б. қонақтар шақырылды.
Арқалық қаласының мәдениет және  тілдер бөлімінің басшысы Алматова Сандуғаш Өрекенқызы, қалалық ардагерлер советінің төрағасы  Ақан Кәки Шәріпұлы, «ОЛВИ »ЖСШ қызметкері Роза Шалабайқызы, Республикалық «Қазақ үні» газетінің тілшісі, «Даму» баспа полиграфия орталығының басшысы Нұрманов Сүгірбай Абдіхамитұлы қатысты.   
Кеш барысында  жергілікті ақындар Мұқият Қойшыбайұлы «ОЛВИ» ЖШС –інің 20 жылдығына», Сағи Әбілхасенұлы  «Өнеге»  арнау өлеңдерін оқыды.  
Сонымен қатар фото көрме, слайд, тақырыптық сөрелерге шолулар жасалды.


08.10.14.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска