Өшпес даңқ іздерімен

                                 Өшпес даңқ іздерімен
                                         кездесу кеші
  Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы, соғыс тарихынан мағұлмат беру,шыбын жандарын құрбан еткен миллиондаған қазақ азаматтарды, қанды қырғын соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерді құрметтеу мақсатында
«Өшпес даңқ іздерімен » тақырыбында кездесу кеші болып өтті. Бұл өткізілген іс – шараға қаламыздың құрметті азаматтары тыл және еңбек ардагерлері  Өрекен Алматұлы мен  Досжанов Хамит әкелеріміз қатысып, 
 соғыс жылдарында, Отанымызды басқыншылардан қорғау кезінде, сонымен бірге бейбіт кезенде – соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру, тың және тыңайған жерлерді игеру барысындағы, қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін алу жылдарында сіңірген еңбектері жайында оқырмандарға айта отырып  жастарды отансүйгіштік және имандылықа  шақырды.
    Сонымен қатар кеш барысында соғыс, жеңіс туралы көркем сөздер оқылып, әндер шырқалды. Экран арқылы бейнефильмдер мен слайдтар көрсетілді, « Мәңгі өшпес отты жылдар» деген тақырыпта кітап көрмесі құрылып,  45 оқырмандарға насихатталды.

04.05.16.


Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска