«Бір ел-бір кітап» -2015 жыл таңдауы "Көшпенділер"
трилогиясы

2015 жылдың желтоқсанның
2-сі күні абонемент бөлімінің ұйымдастырумен
«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ұлттық рухты оятқан ұлы шығармаларды дүниеге
әкелген жазушы І.Есенберлиннің туғанына 100 жылдық мерейтойына орай жазушының
«Көшпенділер» трилогиясынан оқырмандар конференциясы өткізілді.
Конференцияға
кітапханамыздың тұрақты оқырманы «Көшпенділер»
трилогиясының толық нұсқасын оқып шыққан
Нүркенов Мыржақып атамыз, «Руханият»
клубының мүшесі, тарихи өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Сағынтаев Батырлан және
Ы.Алтынсарин атындағы педогогикалық институтының студенттері мен Н.Құлжанова
атындағы колледж студенттері қатысты.


Конференция сұрақтары:
1.Үш кітапты біріктіріп тұрған
қандай тақырып?
2.Қазақ хандығының Мұхмед
Шайбани әулетімен, Бұхар хандығымен қарым қатынасы қандай болды?
3.Ақтабан шұбырынды,Алқакөл
сұлама оқиғасы туралы не білесің?
4.Абылайдың орындай алмаған
арманы.
5.Хандардың дұрыс саясат жүргізуіне
көмектескен жыраулар туралы ?
6.Қандай қазақ батырлардың
бейнесі молынан қамтылған?
7.Трилогияда тарихи
деректерді қайдан алды?
8.Кенесары қазақтың соңғы
ханы екенін дәлелде.
9. «Көшпенділер» трилогиясы
соңынан басына қарай жазылған. Бұл қаншалықты рас?
Сұрақтар бойынша белсене қатынасқан
студенттер:
АрқМПИ педогогика және
филология факультетінің 3-4-курс
студенттері- Досыбаева Салтанат,Куздибаева Гүлдана,Тұрсынхан Гүлназ, Шарасулова
Махинур,Пұрханова Нұрила,Уатхан Маржан, Жәнібекова Гүлшат, Бекбаева
Айгерім,Еркіман Қабыл.

Жазушының шығармаларынан «Көшпенділер -
хандық дәуірдегі қазақ өмірінің энциклопедиясы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға
шолу жасалынды.
Комментариев нет:
Отправить комментарий