Ақиқатты ағынан толғаған

31.01.2017ж.                                        
                                       Ақиқатты ағынан толғаған
 Арқалық қаласындағы  Облыстық №2 ғылыми әмбебап  кітапханасында 31 қаңтар күні  «Ақиқатты ағынан толғаған» тақырыпта жерлес жазушы Қайсар Әлімнің 70 жас мерейтойына арналған кеш-портрет өтті. Кеш қонақтары: кітапханамыздың еңбек ардагері - Нұрманова Алма Жақсылыққызы,кітапханамыздың тұрақты оқырманы, құрметті зейнеткер- Алматов Өрекен атамыз және кітапханамыздың басшы орынбасары Құсайын Дәмет  Есенжолқызы.  Кешке сондай-ақ Н.Құлжанова атындағы МД-12 тобының студентері, ұстаздары қатынасты.
Торғай өңірі талай талантты ақындарды, батырларды өмірге әкелген қасиетті өңір. Осы өңірден түлеп ұшқан бүгінде есімі жалпақ елге мәлім, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Журналистика академиясы "Алтын Жұлдыз" сыйлығының  және  М.Дулатов  атындағы  сыйлықтың  иегері. Сондай-ақ "Ерен еңбегі үшін" медалінің және Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық "Құрмет белгісі" орденінің иегері, Жанкелдин ауданының Құрметті азаматы., «Қызбел» кеңшарындағы Саға ауылының төл перзенті Қайсар Әлім 70 жасқа толып отыр.Сан қырлы шығармашылық иесі Қайсар Әлімнің қаламынан деректі хикаяттар, халық жазушысы  Ә. Нұршайықовпен хаттасуларының нәтижесінде ғибратты тағылымдар,  алаш ардақтысы Міржақып Дулатовтың мүрдесін 57 жылдан соң Карелиядан әкеліп, туған жеріне  қайта жерлеу экспедициясының сапарына қатысқан автордың жазбалары, қазақ поэзиясының қос алыбы Сырбай мен Ғафу Торғайға сапарынан жазбалары туған.  Бүгінде республикалық "Егемен Қазақстан" газетінде қызмет істейтін Қайсар Әлімнің қаламынан 23 кітап туындап, оқырмандарының ыстық ықыласына бөленді. Бұдан басқа 8 томдық шығармалар жинағы жарық көрген. Жерлес қаламгердің рухани дүниелермен таныстыру мақсатында Қайсар Әлімнің  өнегелі өмір белестері мен шығармашылығына арналған  кеші болып өтті. Қайсар Әлімге  жылы лебіздерін білдіріп Өрекен ата кітаптарындағы кейіпкерлері оқырмандарға білген - түйгенін  айтып берді.
Кеш барысында  аталып өткен шығармаларына  жеке тоқталып , кітаптарына шолулар жасалынып отырды. Астана қаласының «Алаш» ғылыми зерттеу рухани-мәдени даму институтының жетекші ғылыми қызметкері Елдос Тоқтарбайдың  Қайсар Әлім туралы лебізін бейнежазбадан тыңдап ерекше әсер алды.
Кітапхананың дарынды оқырмандары Нәзипа Құлжанова атындағы МД-12 колледжінің студенттері: Сальдинова Қайша, Мұратбек Жанайым Қайсар Әлімге арнаған арнауларын оқыса, кітапхана қызметкерлері Аманжолова Қымбат Спабекқызы  пен Ақшалова Ұлтуған Болғанбайқызы  күнделік беттерінен үзінділер оқылды . Кеш соңында кітапхана қызметкері:  Мырзағалиева Нұрсаяның орындауында  «Торғайым» әнін тыңдап, кітап көрмесін тамашалады.
Жерлес жазушы- журналист Қайсар Әлім ағамызды алдағы уақытта да еліміздің игілігі жолында табыстан табысқа жете беріңіз,-деп оқырмандар атынан тілек тілейміз. 

Абонемент бөлімінің қызметкері                                           Исабекова Л.Б.

31.01.2017г.                         Ақиқатты ағынан толғаған
31 января в областной универсальной научной библиотеке №2 г. Аркалыка
состоялся вечер-портрет на тему «Ақиқатты ағынан толғаған» посвященный 70-летию со дня рождения писателя, нашего земляка Кайсара Алима. Гостями вечера  были почетный пенсионер города Алматов Орекен, зам. директора библиотеки Д. Кусайын, ветеран библиотечного дела А. Нурманова, преподаватели колледжа и института.
Торгайская земля породила немало талантов.Отсюда вышли известные писатели, поэты, батыры. Одним из них по праву является писатель, наш земляк Қайсар Алим. Вечер прошел  при участии студентов Торгайского гуманитарного колледжа. ..
Кайсар Алим -  лауреат президентской премии, заслуженный деятель культуры РК, почетный журналист РК, лауреат премии «Алтын жұлдыз» и премии им. М. Дулатова, почетный гражданин Джангельдинского района.Награжден медалью "Ерен еңбегі үшін", обладатель ордена  «Құрмет белгісі».
 Писатель родился 09.01.1947 года в Жангельдинском  районе, ауыл Сага.  Окончил Алматинский филиал Жамбылского института легкой и пищевой промышленности (1971), отдел журналистики Алматинской высшей партийной школы (1984).
-1969 г. сотрудник редакции Костанайской обл. газеты "Коммунизм таңы"
-1990-97 гг. – собственный корреспондент газеты "Егемен Қазақстан" в Торгайской обл., корреспондент Акмолинской областной газеты "Арқа
ажары"
- 1998 - главный специалист в Министерстве культуры, информации и общественного согласия, сотрудник газеты "Егемен Қазақстан".
Кайсар Алим автор более 23 книг. Его произведения любимы народом, широко известны читателю.
Гость мероприятия Алматов О. поделился своими воспоминаниями о незабываемых многочисленных встречах с писателем Кайсаром Алимом, об его книгах, которые оставили неизгладимый след в его душе.
Ведущая вечера библиотекарь абонемента Л. Исабекова подробно остановилась на творчестве писателя, рассказала о книгах, которые были представлены на выставке. Был продемонстрирован видеоролик о писателе, присланный из г. Астаны ведущим научным сотрудником института «Алаш» Ельдосом Токтарбаем, который поделился своими знаниями о многогранном творчестве писателя К. Алима.
В вечере активное участие принимали студенты гуманитарного колледжа Сальдинова Кайша, Муратбек Жайаным, молодые библиотекари Аманжолова Кымбат и Акшалова Ултуган, которые с упоением читали отрывки из произведений писателя, его стихи. Чувством патриотизма была проникнута сама атмосфера вечера, где звучали песни о Тургае, о родной земле, о людях, живущих в этом удивительном крае.






                          Зав. абонементом             Н. Абаканова.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска